ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
439
бойынша адамдар басқа да маңызды құрылымдармен өзара әрекетте-
се отырып, өзінің бірегейлігін және әлеуметтік әлем жайлы түсінігін
дамытады. Ал саяси процесс теориясы бойынша, адамдар бірегейлік
сезімін және өзгеріс мүмкіндігін басқа құрылымдармен әрекеттесу
арқылы дамытады. Мысалы, 1970 жылға дейін баспасөз беттерінде жұ-
мыс орындары туралы хабарландырулар ерлерге бөлек, әйелдерге бөлек
бағандарда жарияланды. Ең үздік университеттер әйелдерді студент етіп
қабылдамады. Ал кейбір министрлер мен кеңесшілер күйеуінен таяқ же-
ген әйелдердің өздері кінәлі деп айыптады. Әйелдер қозғалысының өр-
шуі, олардың мұны жеке бастың жай ғана мәселесі деп қарамай, барлық
әйелге ортақ мәселе және олардың әйел болгандығынан ғана гуып отыр-
ған проблема деп қарауымен байланысты. Бүл тармақ «Жеке, саяси» деген
феминистік ұранмен әдемі түйінделген.
Достарыңызбен бөлісу: |