Case study: экологиялық қозгалыс қалай
жұмыс істейді?
Қоршаған ортаны қорғауды қолдау біржақты ұстаным сияқты. Кім
ауаның, судың ластануына және жануарлардың жойылуына қарсы?
Бүл сауалды қоюдың өзі артық. Барлығымыз да қолдаймыз.
Біздің қазіргі өмір сүру салтымыз белгілі деңгейде қоршаған ор-
таға зиянын тигізеді. Орта есеппен бір америкалық аптасына 35 фунт
қоқыс шығарады, бірақ оның азғантай ғана бөлігі қайта өңделеді. Бір
жағынан, қоршаған ортаны қорғау көп шығынды талап етеді: бағасы
қымбат тауарлар, қалдықтарды қайта өңдеуге баса мән беру, қадаға-
лау, халық тұтынатын тауарларды азайту және кейбір жұмыс орында-
рының жабылуы шығынға ұшырататыны белгілі. Экология мен қазір-
гі өмір салты арасындағы тартыс қисынсыз болғанымен экологиялық
қозғалыс кідірместен күресіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |