Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет799/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   870
440

15-ТАРАУ

Жұмылдыру немесе 

мобилизация - әлеуметтік 

қозғалысқа қажетті ресурстарды 

қолжетімді ететін процесс.

Қалыпты тецестіру -

қозғалыстар арқылы адамдарға 

олардың қызығушылықтары, 

құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ- 

ның мүддесімен астарлас екеніп 

көрсетегін процесс.

дың  жиыны  болғандықтан,  қозғалыстағы  адамдардың  мақсаты  да, 

күресу  әдістері  де  артүрлі  болып  келеді.  ӘҚҰ-ның алуан түрлі  болуы 

әлеуметтік қозғалыстың жұмыс істеуі үшін қажет.

ӘҚҰ  екі түрлі  әдіспен ұйымдастырылады:  кәсіби жағынан бірле- 

седі  және  ерікті  түрде  үйымдар  құрады.  Бір  жағынан,  америкалық 

азаматтардың  еркіндігі қоғамы  (ААЕҚ)  немесе Ұлттық  атқыштар  ас- 

социациясы (ҰАА) сияқты ұйымдар бар. Олардың кеңселері Колумбия 

округындағы  Вашингтонда  орналасқан және қызметкерлеріне жала- 

қы төленеді. Олардың кейбірі ұйымға қаражат тартатын кәсіби фанд- 

райзерлер болса, енді бірі -  тек қаржылай пайда көргенде ғана мәселе- 

ге қызығушылық танытатын лоббиші агенттер. Ал, екінші жағынан, 

мүшелері ерікті түрде, жеке қызығушылықпен ұйымдасқан ӘҚҰ бар. 

Мысалы,  көршілердің  өз  аудандарында  атом  электр  станциясының 

салынуына  қарсы  шіркеу жертөлесінде  ұйымдасуын  айтуға  болады. 

Негізіпде, ӘҚҰ үшін ұйымның қос әдісі де қажет. Кәсіби ӘҚҰ қорлардан, 

корпорациялар  мен  мемлекеттік мекемелерден  қаражат жинау және 

орнықты  қолдауды  ұйымдастыру үшін  пайдалы.  Ал  ерікті  ұйымдар 

наразылықтың  мәнін  түсіндіріп,  себептерін  қоғамдық шерулер  т.с.с. 

әрекеттер арқылы жария етуге қолайлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет