Кедейлер шогыры - тұрғындарының өте үлкен бөлігі
кедейлер болатын аймақ.
Кедейлік мәдениеті - үнемдеуге, болашаққа инвести-
циялауға немесе қиын жұмысқа емес, осы сәтте
өмір сүруге баса назар аударатын құндылықтар
жиынтығы.
Кедейлікке жақын жандар - федералдық кедейлік
децгейінен екі есе жоғары үй шаруашылықта-
рында тұрады.
Кездейсоқүлгілер-кездейсоқтәртіптетаңдалған
үлгілер, сол себепті әрбір адам тұрғылықты
жерінде солардың бірін тацдауға мүмкіндік
алады.
Кезеңнен-кезеңге өту дәстүрі - бір жас кезеңінің
аяқталуын және екіншісінің басталуын біл-
дірегін ресми рәсімдер.
Кемсітушілік - адамдардың белгілі бір санаттарға
(әлеуметтік топтарға) байланысты кейбір жеке
тұлғаларды өзімен тең көрмеуі.
Кері қозғалыстар - күресуші қозғалысқа мүлде өз-
геріс енгіздірмейтін немесе қарсыласуға тырыса-
тын әлеуметтік қозғалыс.
Достарыңызбен бөлісу: |