Кері мәдениеттер - үлкен топтардың құндылықта-
рына, мүдделеріне, наным-сенімдеріне және өмір
салтына қарама-қайшы келетін топтардың мәде-
ниеттері.
Кешенді үйымдар - мәртебелік желілері жақсы да-
мыған ірі ресми ұйымдар.
Коммунизм - өндіріс қүралдары мен барлық мү-
лік мемлекет меншігінде болатын және әрбір
адам қабілеті мен қажеттілігіне қарай жұ-
мыс істеп, еңбекақы алады деп санайтын тео-
риялық экономикалық жүйе.
Компания (орта) - жеке адамдарға емес, ец алдымен,
тәжірибелік байланыстарға қатысты құрылған
қоғам.
Контент анализ - кез келген құжаттарды жүйелі түр-
де талдау әдісі.
Конфликт теориясы - қоғамдағы күйзеліске және
қақтығыстар мен әлеуметтік өзгерістерге ықпал
ететін жолдарды талдау, түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |