Символдық интеракционизм теориясының
тужырымдары
Символдық интеракционизм теориясы галымдарының пайым-
дауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысан-
дықтұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1.
Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың
я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді
сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол
мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қаты-
нас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа
тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылда-
маймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағына-
сын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |