Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Символдық интеракционизм теориясын қрлдану



Pdf көрінісі
бет97/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   870
Символдық интеракционизм теориясын қрлдану

Осы үш тұжырым  символдық өзара  әрекетті зерттейтін ғалымдардың 

өзара  қарым-қатынастар  мен  әлеуметтік  қүрылымдардың  адамдарды 

қалай қалыптастыратынын түсінуіне жағдай туғызады.  Мысалы, әйел- 

дерге  қатысты  зорлық-зомбылықты  зерттеген  интеракционистер  хок­

кей ойнағанда басқаларды ұрғаны үшін мақтау естіген, өзін мазақтаған 

баланы әкесіне айтып сазайын бергізген, өзі де ағаларынан таяқ жеп өс- 

кен бала агрессияны еркекке тән табиғи қасиет деп қабылдайтынын ай- 

тады.  Сондай-ақ  символдық  интеракционистер  мүғалімдердің  мектеп 

ауласындағы жұмысты үлдарға тапсырып, сыныпта ұл баланың қызды 

мазақтауына жол беру арқылы қыздардыц ұлдардан әлсіз екенін дәріп- 

тейтінін  аңдамайтынын  айқындады.  Кейбір  зерттеушілердің  айтуын- 

ша, бұл әрекеттер кейін әйелдерге қарсы әлімжеттікке жол ашады.

Бұған  қоса,  символдық  интеракционистер  адамдардың  қарым- 

қатынастарды  қалайша  белсенді  түрде  өзгертетінін  және  қалайша 

келісімге келетінін анықтайды.  Бір отбасында тәрбиеленген екі бала 

неліктен  бір-бірінен  өзгеше  болып  шығады?  Теорияшылардың  ай- 

туынша,  мүның  бір  себебі  -   тіпті  бір  отбасында  өскен  балалардың 

өздері қарым-қатынастар мен оқиғаларды  әртүрлі сезінеді және олар- 

дың мән-мағынасын әркелкі қабылдайды.

Интеракционистер  көбіне  бала  кезінен  бастап  қартайғанға  де- 

йінгі  өмірінде  қарым-қатынастар  адамды  қалай  өзгертетініне  назар 

аударады.  Символдық  интеракционизмнің ең ұтымды  тұсы  сол:  ол -  

өмірімізге,  өз-өзімізді  түсінуге,  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  ке- 

ліспеушіліктерді бағалауға үлкен әлеуметтік құрылымдардың қалай 

эсер ететінін зерттейді.

Символдық интеракционизм 

теориясы - ортақ мәндердің 

қалыптасып, дамуына ықпал 

ететін адами әрекегтер мен 

процестердің субъективті 

мән-мағыналарын зерттеумен 

айналысады.



44



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет