Айнымалы шамаларды анықтау
Ерекшелікті сипаттап, гипотезаны тексеру үшін әрбір айнымалы
шама дәл анықталуы тиіс. Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыз-
дық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұ-
мыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай
өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады,
ал айнымалы мәнді пайдалану үшін қолданылатын нақты анықта-
ма оның операциялық анықтамасы болып табылады. Осы анықта-
малар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін. Мысалы,
АҚШ үкіметі белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ таба алмай жүрген
адамдарды «жұмыссыз» деп атайды. Ал жұмыс іздеуден шаршап, оны
Гипотеза - теорияның
дүрыстығына көз жеткізген кезде
жасалатын қарым-қатынас туралы
тұжырым.
Айнымалы шамалар - адамдар
я топтар арасында әркелкі
болып келетін, өлшеуге болатын
сипаттар.
Тәуелді айнымалы шама - себеп-
салдарлық қатынастың салдар
тарабы. Тәуелсіз айнымалы
шаманың әрекеттеріне тәуелді
болады.
Операцияландыру - айнымалы
шаманы өлшеудің әдістерін
анықтау процесі.
Операциялық анықтама -
айнымалы шаманы өлшеудің
жолдарын сипаттайтын нақты
іс-амал.
|