Үшінші қадам: мәлімет жинау
Әлеуметтанулық дерек жинаудың тәжірибе жүргізу, сауалнама жа-
сау, топтарды әрекет барысында бақылау сияқты әдістері өте көп.
Бұл - күрделі іс болғандықтан, мүны осы тараудың соңында егжей-тег-
жейлі қарастырамыз.
Төртінші қадам: үлгісін табу
Зерттеу процесіндегі төртінші қадам - деректерден үлгілер іздеу. Егер
жүмыссыздықты зерттеген болсақ, мәселен, афроамерикалықтар ара-
сындағы жұмыссыздық ақ нәсілділерге қарағанда екі есе көп (АҚШ Ең-
бек статистикасы бюросы 2011b) екенін анықтаймыз. Бұл нәтиже - екі
айнымалы шаманыц арасындағы эмпирикалық қатынас (бұл жагдайда
нәсіл мен жұмыссыздық) - корреляция (тығыз байланыс) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |