Сынамаларды таңдау
Әрбір ересек америкалықтың нәсілі және жүмысы туралы ақпарат
жинау мүмкін емес, бұл өте ұзақ уақытты қажет етеді және тым қым-
батқа соғады. Мұның қажеті де жоқ.
Сынамаларды таңдау - көпшілік арасынан белгілі бір кейстерді
жүйелі түрде таңдау процесі. Осы процесс арқылы біз барлық ықти-
мал кейстерді зерттегеннен әлдеқайда аз шығынданып, эмпирика-
лық мәліметтер аламыз. Сынамаларды таңдау 1) зерттегіңіз келетін
халықтың тізімін алу және 2) сол тізімнен өкілдерді немесе үлгілерді
таңдау сияқты екі әрекеттен тұрады. Ең жақсы таңдау түрі - кездей-
соқ іріктеу. Кездейсоқ іріктелген адамдар сол топтың әрбір мүшесінің
таңдалуына тең мүмкіндік беретіндей кездейсоқ процедуралар (мәсе-
лен, жеребе тастау) бойынша екшеледі.
Халықтың тізімін алғаннан кейін кездейсоқ сынама таңдау оп-
оңай. Бірақ тізімнің өзін алу өте қиын, кейде тіпті мүмкін болмай
қалады. Жалпы, сынама тек өзіміз жасаған тізімнің ішінен алына-
ды. Егер телефон каталогіндегі адамдардың тізімін алсақ, сынамалар
тек каталогке кірген отбасыларды сипаттау үшін ғана қолданылуы
мүмкін. Ал тізімге енбеген нөмірлер, телефондары жоқтар, тек үялы
телефондарды пайдаланатындар және каталог шыққан уақыттан
бері көшіп келген адамдар ескерілмей қалады. Ең жақсы сауалнама
таңдаған аймақтағы немесе топтағы барлық отбасылардың, адамдар-
дың немесе телефон нөмірлерініңтізімінен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |