Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет122/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   870
ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ

57

ды  іріктеп  алып,  содан  кейін  ол  құжаттар  туралы  жүйелі  сұрақтар 



қояды.  Мысалы,  рэп  музыкасының  араққұмарлыққа  шалдықтыра- 

тын  әсерін  зерттеу  үшін  Денайс  Херд  (2005  ж.)  18  жылдың  ішіндегі 

ең танымал  рэп  әндерін тізіп  шықты.  Содан  кейін  ол  341  ән  үлгісін 

кездейсоқ  негізде  таңдап,  «оларда  алкоголь  туралы  айтыла  ма,  ай- 

тылса  оны  жағымды  әсермен  (сән-салтанат  немесе  байлық  сияқ- 

ты)  байланыстыра  ма,  әлде  теріс  әсермен  (мысалы,  ажырасу немесе 

түрмеге түсу) байланыстыра  ма» деген  сүраққа  жауап іздеді.  Соның 

арқасында  соңғы  жылдары  рэп  әндерде  ішімдік  туралы  көбірек  ай- 

тылатынын және  оларда  әдетте  алкогольдің тек жағымды жақтары 

әспеттелетінін анықтады.

Зерттеушілер  сот жазбалары,  күнделік,  студенттік  құжат  және 

т.б. сияқты жазбаша құжаттың кез келген түріне контент талдау жа- 

сай алады. Олар, сондай-ақ блогтер, веб-сайттар және саясаткерлерге 

жіберілген  комментарийлер  сияқты  электрондық  құжаттарды  пай- 

даланады.  Сонымен  қатар  әлеуметтанушылар  құжат  мәтінін  ғана 

емес,  суреттерді де  сараптап,  айталық,  билбордтарда,  журналдарда, 

интернетте не теледидарда ішімдіктің қалай суреттелетінін зерттей 

алады.


Контент  талдаудың  басты  артықшылығы  -   арзандығы.  Қатыса 

отырып  бақылау  жүргізу  үшін  ешкім  айлар  бойы  «зерттеу  алаңда- 

рында»  жүрмейді  немесе  адамдарға  сауал  қою  үшін  үй-үйді  арала- 

майды.  Сонымен  қатар  контент  талдау  әдісін  тарихи  және  қазіргі 

заманғы  құжаттарды  зерттеу үшін  қолдануға  болады.  Мысалы,  соң- 

ғы  30  жылдағы  алкоголь  туралы  жарнамаларды  талдау  арқылы  ал­

коголь  бейнесінің қалай  өзгергенін көруге  болады.  Оның үстіне,  біз 

қолда бар құжаттарды зерттеу арқылы ондағы мәліметтерге эсер ете 

алмаймыз:  журналдағы  алкогольдік ішімдік жарнамаларын қанша 

уақыт зерттесек те ол жарнамалар өзгермейді. Ал студенттің ішімдік 

ішуін  зерттеу үшін  барға  кірсек,  онда  бізді  көрген  студенттің іс-әре- 

кеті өзгеріп кетуі мүмкін.

Контент талдаудың ең үлкен кемшілігі -  тек қолда бар құжаттар- 

мен ғана жүзеге асады, сондықтан оны кейбір зерттеу тақырыптары 

үшін пайдалана алмаймыз.  Сонымен қатар қатыса  отырып бақылау 

әдісі  сияқты  бұл  да  зерттеушілердің  деректерді  түсіндіруіне  негіз- 

делген.  Дегенмен,  мазмүнды  талдаумен  бірге  зерттеушілер  тобы  де- 

ректерді қарап шығып олардың қорытындыларын салыстыра алады, 

бұл кез келген зерттеушінің көзқарасы нәтижеге эсер етпеуін қамта- 

масыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет