Қолданыстағы статистиканы пайдалану
Әлеуметтанушылар қандай әдістер қолданатынына қарамастан,
деректерін басқа дереккөздерден алынған статистикамен жиі то-
лықтырады. Федералдық, жергілікті және мемлекеттік басқару ор-
гандары зерттеушілерге, мысалы, үйдің бағасы уақыт өткен сайын
өзгергенін, өмір жасының қалай ұзарғанын не қысқарғанын, қала
халқы санының қалай өскенін немесе азайғанын сипаттап береді
және басқа деректермен қамтамасыз етеді. Егер біз бір колледжде ал
когольд! қолдануды зерттеп жүрген болсақ, мәселен, АҚШ Халық са-
нағы комитетінен колледжде жан басына шаққанда алкоголь түты-
ну мөлшері туралы мәл іметтер алуға болады. Біз штаттың Денсаулық
сақтау немесе автокөлік департаменттерінен алкогольдің кесірінен
болған автокөлік апаттары туралы мәліметтерді ала аламыз. Немесе
колледжден я жергілікті полиция бөлімінен алкогольдің уытына бө-
гіп, адам зорлау фактілері туралы деректер алуға болады. Біз бұл де-
|