Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Ассимиляция ма, мультимәдениет пе?



Pdf көрінісі
бет162/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   870
Ассимиляция ма, мультимәдениет пе?

Контрмәдениеттер -

құндылықтары, мүдделері, 

наным-сенімдері және өмір салты 

көпшілік мәдениетіне сәйкес 

келмейтін топтар.

Ассимиляция - адамдардың 

үстем топтың құндылықтары мен 

әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, 

қабылдау процесі. Бұл процесте олар 

өз құндылықтарын толығымен 

немесе жартылай жоғалтады.

Мультикультурализм - 

мәдениеттегі әртүрлі мәдени 

құндылықтарды бағалап, қолдау 

қажеттігіне деген сенім.

Соңғы  кезге дейін  көптеген  америкалықтар  өз  қоғамындағы  әртүрлі 

этникалық және діни  субмәдениег өкілдеріне басым көпшіліктің мә- 

дениетін  қабылдаған  дұрыс  деп  санады.  Ассимиляция  адамдардың 

үстем топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, 

қабылдау процесін білдіреді, бүл процесте олар өз құндылықтарын то- 

лығымен немесе жартылай жоғалтады. 12-тарауда ассимиляция білім 

беру мекемелерініңнегізгі мақсаттарының бірі болып табылатындығы 

егжей-тегжейлі талқыланған  (Spring,  2004).  Мектепке  баратын имми­

грант балалар  ағылшын  тілінде  оқып,  жазуды  ғана  үйренбейді,  сон- 

дай-ақ  америкалық тағамдарды,  идеяларды және  әлеуметтік тәжіри- 

бені өз мәдениетінен артық көруді үйренеді. Мұғалімдер Хуан немесе 

Май  Ли  есімді  балаларды  Джон  немесе  Мэри  деп  атауға  шақырады. 

Мектеп  бағдарламаларында  еуропалықтар  мен  америкалықтардың 

тарихына,  өнеріне,  әдебиетіне,  сондай-ақ  олардың  ғылымға  қосқан 

үлесіне  баса  назар  аударылып, АҚШ-тағы үлес  салмағы томен топтар 

мен батыстық емес мәдениет өкілдерін елеусіз қалдыру бұрынғыға 



К а ­

раганда бәсеңдегенмен әлі де жалғасуда.

Алайда  соңғы  ширек  ғасырда  АҚШ  әртүрлі  мәдениеттерді  кірік- 

тіретін  емес,  араластыратын  орта  бола  алатындығына  америкалықтар- 

дың көздері жетті. Көптеген адамдар бұл «араласу» елге пайдалы екенін 

және оны жоюдан гөрі дамыту керектігін түсінді. Мұндай көзқарастарды 

негізінен  мультимәдениеттілік деп атайды.  Осы идеяны  басшылыққа 

алған көптеген мектептер мен университеттер енді америкалық мәдени 

әркелкілікті нақты көрсететін материалдарды қамтымақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет