Әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік бақылау адамдарды өз мәдениеті мен қоғамының нор-
малары мен құндылықтарын ұстануға ынталандыратын күштер
мен процестерден түрады. Біз нормалар мен құндылықтарды бала-
лық шақтан бастап отбасынан, көршілерден және басқа балалардан
үйренеміз.
Біраз уақыттан кейін осы нормалар әдетке айналғаны сонша-
лық, біз басқа жолмен өмір сүруді елестете алмаймыз, олар біздің
өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады, сондықтан біз оларды
шектеулер деп түсінбеуіміз мүмкін. «Тісімді тазалауым керек, әйт-
песе достарым мен отбасым менен алыстап кетеді» деп ойламаймыз,
оның орнына: «Тісімді тазаламасам жиіркенішті боламын», - деп
ойлаймыз. Алайда мыңдаған жылдар бойы ешкім тісін газаламаған
адамды жиіркенішті деп санаған емес. АҚШ тұрғындарының көпші-
лігі үшін тіс тазалау адамның өзін жақсы сезінудің бір бөлігі болып
табылады, мүны істемесе олар өздерін жиіркенішті сезінеді.
Тәрбиенің, оқу мен тәжірибенің арқасында қоғамның көп норма-
лары бізге табиғи болып көрінеді, сондықтан басқаша әрекет етуді
ойламаймыз да.
Идеологиялық өңдеу, оқыгу және тәжірибе арқылы қоғамның
көптеген нормалары орынды болып көрінеді, сондықтан басқаша
әрекет ете алмаймыз. Алайда бірде-бір қоғам осы нормалардың ерік-
ті түрде сақталатынына толығымен сенбейді, сондықтан сәйкесінше
шара қолданады: нормаға сай болғандарды сыйақымен ынталандыр-
са, керісінше, нормаға сай болмағандарға жаза қолданады. Кейбір
шаралар ресми сипатта болады, мәселен, кодекстер ресми заңды бұз-
ғандар үшін айыппұл және жазалау шараларын белгілейді. Сонымен
қатар көптеген ірі ұйымдарда сырқаттанған күндерге, киіну кодексі-
Ғүрыптар - ненің дұрыс немесе
дұрыс еместігі туралы идеялармен
байланысты нормалар; олар
моральдық құндылықтарға ие.
Заңдар - билік құзыретінің күші
мен санкциясы арқылы бекітілген
ережелер. Олар нормалар болуы да,
болмауы да мүмкін.
Әлеуметтік бақылау - тәртіпке
бағынуға ынталандыратын
күштер мен процестер, бүл өзін-өзі
бақылау, бейресми бақылау және
ресми бақылауды қамтиды.
|