МӘДЕНИЕТ
89
көрсету. Көптеген бай елдердің де, кедей елдердің де азаматтары
осы ұйымдардың ықпалына күмәнмен қарайды. Кейбір деректер-
ге қарағанда, кедей елдер өзінің саяси және экономикалық дербес-
тігін жоғалтқан, тіпті айтарлықтай зардап шеккен деуге болады
(Stiglitz, 2003; Кһог, 2001; Wade, 2003; Rajagopal, 2003).
Бұл бізге не береді?
Кейбір адамдар үйінің, екі қолының болуын қалай қалыпты нәрсе
деп қабылдаса біз де мәдениетті көбінесе дәл солай қабылдаймыз.
Алайда осы тарауда көрсетілгендей, мәдениет өзгермелі құндылық
болып табылады: қотам және қоғамдағы билік теңгерімі өзгерген
сайын мәдениет те өзгеріп отырады. Тілдер, тамақтану дағдылары,
сән және басқа мәдени элементтер эволюциялық жолмен дами-
ды, таралады немесе жоғалады: мысалы, ата-анаңыздан бала ке-
зінде киген киімдері, жас кезінде сөйлеген сөздері туралы немесе
бәліш, тортилья немесе вафлиді бірінші рет қашан жегенін сұрап
көріңізші.
Мәдениет, сондай-ақ белсенді болады, ол - біз өмір сүретін әлем-
ді өзгерте отырып, бізді де өзгертетін күш. АҚШ тұтынушылар мәде-
ниетінің өсуі - мәдениеттің өзгеруінің және оның өміріміздің барлық
салаларына қалай эсер ететінінің, мәселен, күнделікті қанша сағат
жұмыс істейтінімізден бастап өзімізді жеке тұлға ретінде қалай қа-
былдайтынымыздың бір мысалы.
Қорытынды
1. Мәдениет - қоғам өмірінің негізгі проблемала-
рын дайын шешімдермен қамтамасыз ететін
өмір сүру жобасы. Кейбіреулер оны адамдар-
дыц өз жағдайларына бейімделуіне көмекте-
сетін материалдық және материалдық емес
құралдар ретінде түсіндіреді. Осыған орай,
мәдениет салыстырмалылығы түжырымда-
масы көрсеткендей, мәдени ерекшеліктерді өз
мәдениетіңнің тұрғысынан бағалау керек.
2. Құрылымдық-функционалды көзқарас мәдениет-
тің қалай қалыптасуын емес, мәдениеттің бізді
қалай қалыптастыратынын қарастырады. Кері-
сінше, конфликт теориясын қолдаушылар мә-
дениеттің белгілі бір жолмен дамитындығын
және осы үлгілердіңкімнің мүдделеріне қызмет
ететінін зерттейді. Символдық интеракционис-
тер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты мәде-
ни материалдардың қалай қабылданып, қолда-
нылатынына баса назар аударады.
3. Көптеген әлеуметтанушылар мәдениеттің
әлеуметтік тұрғыдан құрылғанын атап көрсе-
теді. Алайда социобиологтар адам мәдениеті
мен мінез-құлқының биологиялық негізі бар
екенін атап көрсетеді.
4. Тіл немесе символдық қарым-қатынас - мәде-
ниеттің негізгі бөлігі. Тіл мәдениетгі жүзеге
асырады, әлеуметтік топтың ортақ байланыс-
тарын бейнелейді және әлемді қабылдаудың
негізі болып табылады.
5. Мәдени құндылықтар мәдениет лайықты деп тап-
қан мақсаттарды анықтайды, ал нормалар оларға
қол жеткізудің тиісті құралдарын көрсетеді.
6. Әлеуметтік бақылау адамдардың өз мәдениетін,
сондай-ақ қоғамның нормалары мен құнды-
лықтарын ұстануға ынталандыратын күштер
мен процестерден тұрады. Нормативтерге сәй-
кес гік идеологиялық өңдеу, оқьггу және басқа да
шаралар арқылы күшейтіледі: нормаға сәйкес-
тік үшін сыйақы, ал сәйкессіздіктер үшін жаза
қолданылады.