Жаьанданудың ықпалы
Жаьандану - аса қуатты күш. Ол әлем мәдениетіне, экономикасы
мен саясатына, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларына эсер
етуде.
Мәдени ықпал
Найробиде жастар америкалық хип-хогі музыканы тыңдап, «Pepsi»
ішеді. Нью-Йорк қаласының жастары Ямайка регги концерттеріне
барып, Гарри Поттер туралы кітаптарды оқиды. Үндістанда Голли
вуд фильмдері «Болливуд» (Бомбейде шығарылған) фильмдерімен
бәсекеге түседі. Мүның бәрі - мәдениеттің ғаламдық таралуына
мысалдар; себебі кинофильмдер, телевизиялық шоу, музыка, әде-
биет және басқа өнер туындылары барған сайын бүкіл әлемге тара-
лып, әлемдік қолданысқа түсуде.
Бұқаралық мәдениеттің осы элементтері көңіл көтеруді ғана
емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері
америкалық фильмдерді көргенде, олар АҚШ-тағы соңғы сән үлгі-
сімен, музыкамен танысып қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі
үнділік тәжірибелерге, мысалы, ата-аналары келіскен некеге тұру,
әйелдердің бағынышты болуы, ата-аналар сөзіне мойынсүну және
отбасы жеке адамнан маңыздырақ деген сенімдерге күмән келтіре
бастайды. Осы себептен дүниежүзінде адамдардың көбі жаьан-
данудың адамдарға әсіресе балалардың мәдени қүндылықтарына
оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |