Әлеуметтену деген не?
Соңғы екі тарауда әлеуметтік өмірдің «жалпы сипаттамасын»-қоғамдар
мен мәдениеттерді қарастырдық. Бірақ әлеуметтанушыларды осы жал
пы сипаттамаға адамдардың қалай сәйкес келетіні қызықтырады. Бұл
тарауда адамдар өз мәдениеті мен қогамында табысқа жету үшін қажет-
ті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйренетінін
қарастырамыз. Бұл процесс әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып
табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметгік жағдайдағы кез келген
адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар,
мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар - бәрі де өз рөлдерін атқарады.
Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа
адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенім-
дерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |