Адам болуды үйрену
Біз өз іс-әрекеттеріміз бен сенімдеріміздің қаншасын үйрендік, қан-
шасы тегіміз арқылы берілгенін білесіз бе? Бүл сүраққа түбегейлі то-
лык жауап бере алмаймыз, себебі біз балаларды оқыту мен олардың
генін өзгерту әсерлерін салыстыратын тәжірибе жүргізген емеспіз. Де-
генмен әлеуметтанушылар ғасырлар бойы адамдар мен маймылдар-
ды қалыпты әлеуметтенуден немесе тіпті негізгі тәрбиеден айырған
кездегі жағдайлар туралы деректер жинады.
Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіру
Классикалық тәжірибелер сериясы бойынша психолог Гарри Харлоу мен
оның серіктестері маймылдарды толық оқшаулап өсіргенде не болаты-
нын зерттеген (Blum, 2002). Маймылдың балалары сүт беретін механи-
калық аналық мүсінмен бірге белек торларда тіршілік еткен. Бала май-
мылдардың қоректері жеткілікті болғанымен, әлеу меттік қажеттіліктері
қанағаттандырылмаған. Нәтижесінде, олардың физикалық және әлеу-
меттік дамуы тежелген. Кейбірі аутизммен ауыратын балалар сияқгы,
мысалы, ойсыз көзқараспен қарау, өздерін тістеу, бұрыштарда жасыры-
нып гұру сияқты оғаш мінез-құлық танытқан. Өсе келе бұл маймылдар
жүптасудан бас тартқан; қолдан ұрықтандырылған кезде де үрғашы май
мыл баласын емізіп, қамқорлық жасамаған (Harlow & Harlow, 1966). Бұл
тәжірибелер әлеуметтік байланыстың маңыздылығын айғақтайды; яғни
жыныстық және аналық сезімдер сияқты туа біткен мінез-құлықты да
әлеуметтік өзара әрекетке түсу арқылы дамытпаса болмайды.
Харлоудың алты ай бойғы оқшауланған маймылдарды басқа-
лармен араластырмақ болған әрекеттері нәтиже беріпті. Соңында
сол алты айлық маймылдарды үш айлық балалары бар ұрғашы май-
мылмен бірге орналастырған, сөйтіп, басқа маймылдармен бірге әлеу-
меттенуге мүмкіндік берген соң ғана тәжірибе жақсы нәтиже берген
(Harlow & Suomi, 1971).
Достарыңызбен бөлісу: |