Мектептер
Әлемде мектеп жасындағы балалар үшін әлеуметтенудің маңызды
агенті - мектеп. 5 жасқа дейін мектепке дейінгі мекемелерге бара-
тын балалар - өмірде табысқа жету үшін қажетті негізгі мәдени,
әлеуметтік және лингвистикалық дағдыларды меңгереді. Кейін
олар мектепте тағы да бәрін басынан бастайды. 3.1-картада мектеп
ке дейінгі мекемелерге баратын 5 жасқа дейінгі балалардың пайыз-
дық улесі көрсетілген. Сол сияқты, кедей елдерде көптеген балалар
мектепке қысқа мерзімге ғана барады. Сол себепті өз мүмкіндік-
терін азайтады. Дегенмен мектеп бірнеше жыл бойы балаларға оқу,
жазу және арифметикалық дағдылардың негіздерін үйретеді. Сол
арқылы олардың экономикалық келешектерін айтарлықтай жақ-
сартуға болады.
АҚШ сияқты бай елдерде білім беру балалықтың қалыпты бөлігі
ретінде қабылданады. Бұл елдердегі мектептердің басты қызметі - ба-
лалардың бойында жоғары технологиялық қоғамда өмір сүруі үшін
қажетті дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру.
Кедей елдерде де, бай елдерде де мектептер негізгі дағдылар
мен техникалық білімнен әлдеқайда көп нәрсе үйретеді. Олар, сон-
дай-ақ қоғамның басым топтарының немесе мәдениетінің ортақ құн-
дылықтарын береді (Rothstein, 2004; Spring, 2004; Handel, Cahill, & Elkin,
2007). Бұған қоса мұғалімдер балаларға (әсіресе кедей немесе жұмыс-
шы тап балаларына) бір орында отыруды, тапсырмаларды орындауды
және басқаларға сай болуды үйретеді (Gatto, 2002). Сонымен қатар мек
тептер балаларды басқалармен бәсекелесуге және өздерін де, өзгелерді
де жеткен жетістіктеріне қарай бағалауға баулиды. Қорыта келгенде,
мектеп - еңбекке, қызметке, әскерге және басқа да ұйымдарға дайын-
дайтын жаттығу алаңы.
Достарыңызбен бөлісу: |