барлық формасы.
104
3-ТА РА У
3.1-КЕСТЕ.
8-1 8 жастағылардыңБАҚ-ты күнделікті қолдану
уақыты мен минуттары
Орташа алғанда, балалардың ояу жүрген уақытының
жартысынанастамыбуқаралықақпарат құралдарының
құзырында болады.
БАҚ
Барлыгы
ТВ
4:29
Фильмдер
0:25
Видеоойындар
1:13
Баспасөз қүралдары
0:38
Музыка, аудио
2:31
Компьютерлер
1:29
Жалпы медианың ықпалы
10:45
ДЕРЕККӨЗ: Kaiser Family Foundation (2010).
қүлқымызды жетілдіре аламыз (Felson, 1996). Мысалы, жасөспірімдер
«Грей а н а т о м и я с ы »
сериалын қарсы жынысты адамдармен қалай қа-
рым-қатынас жасауға болатынын білу үшін көруі мүмкін. Содан кейін
олар осы көргендерін АҚШ-тағы нормалар туралы білімін толықтыру
үшін пайдалана алады.
Әрбір қоғамда дін - дербес бағыт-бағдар берудің маңызды құралы. Діни
доктринаыың қүндылықтары мен адамгершілік ұстанымдары жал
пы құндылықтар мен көзқарастарға бағыт-бағдар береді. Дін арқылы
қалыптасқан құндылықтар әлеуметтенудің басқа агенттері арқылы
құралған идеалдарға сәйкес келеді. Мысалы, діни білім беруде оқытыла-
тын Алтын ереже («Өзгелер сізбен қалай қарым-қатынас жасағанын қа-
ласаңыз, өзіңіз де солай жасаңыз») мен үйде немесе мектепте айтылатын
ақыл-кеңестер бір мазмұнда деуге болады.
Алайда діннің рөлі қоғамның нормалары мен құндылықтарын
нығайта алмайды. 12-тарауда айтылғандай, дінді үстану адамның се-
німін, өзіндік менін және әлеуметтік ұстанымдарын өзгертуі мүмкін.
Сонымен қатар діни айырмашылықтарға негізделген саяси қозғалыс-
тар қоғамды да өзгерте алады. Қазіргі америкалық қоғамдағы мормон,
еврей және баптистік діндер мен осы діндердің консервативті және ли-
бералды тармақтары арасында маңызды өзгешеліктер бар. Бүлар әлеу-
меттендіруде де айтарлықтай айырмашылықтар тудырады.
Дін
Қауымдастык, - ортақ кеңістік
пен оған қосылған адамдарға,
сондай-ақ ортақ кеңістіктегі
әлеуметтік мекемелерге қатысты.
Сондай-ақ географиялық жағынан
болсын, жалпы сәйкестік сезімі бар
адамдарды білдіреді.
Қауымдастық
Дәстүр бойынша, қауымдастық термині ортақ кеңістікті және сол кеңіс-
тікте өмір сүретін адамдарды білдіреді, бұл - ортақ кеңістіктегі әлеумег-
тік үйымдарға да қатысты (Delanty, 2003). Термин қазір географиялық
түрғыда немесе ортақ интернет «кеңістігіндегі» адамдарға қатысты да
қолданылады.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ
105
Қауымдастық отбасы мен қатарластар тобындағы, сондай-ақ
қоғамдағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Адам балалық ша-
ғында отбасы мүшелерінен басқа адамдарды сирек көреді. Өскен
сайын тұрғылықты жерін, жергілікті мектептерді, діни ұйымдар-
ды және т.б. танып-білуге мүмкіндік алады. Көптеген адам біраз
уақытқа дейін жергілікті қауымдастықтан басқа әлеммен тығыз
байланысқа шықпайды.
Алайда қауымдастықтар әлеуметтік өмір үшін өте маңызды.
Әрбір қауымдастық өзінің топтарын, ресурстарын, институттарын
және нормаларын біріктіріп әлеуметтену агенті қызметін атқара
алады (Bems, 2007; Amon, Shamai & Ilatov, 2008; Sawyer, 2004). Кейбір
қауымдастықтарда қуатты институттар - жақсы қаржыландырыл-
ған шіркеулер, скаут барлаушы әскерлері, үлкен қоғамдық кітап-
ханалар бар. Ал кейбір қауымдастықтардың институттары әлсіз.
Кейбір қауымдастық табысты адамдардың жолын ашады, мысалы,
мұғалімдерге, көршілерге, шағын бизнес иелеріне және қауымдас-
тық орталығының қызметкерлеріне қолдау көрсетеді, ал кейбір
қауымдастықтарда балалар көбінесе қараусыз қалып жатады.
Ең бастысы, қуатты институттары мен тегеурінді ұстанымда-
ры бар, құндылықтарын сақтап қалуға үмтылатын қауымдастық-
тар өз мүдделерін қорғайтын, бағалайтын балаларды тәрбиелеп
шығарады (Sawyer, 2004). Ересектер қауымдастық туралы мақта-
нышпен айтып, балаларды бүкіл қоғамның игілігі үшін жұмыс іс-
теуге шақырады, сөйтіп, ержеткен соң сол балалар сайлауда дауыс
беретін үйымдарға қосылып, қауымдастықты қүруға үлес қосатын
ересек адамдарға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: