Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Д е р е к т е р г е  д е н  қ о й са қ : Ш а п а л а қ п е н   ү р у ғ а   қ а т ы с т ы  көз-



Pdf көрінісі
бет200/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   870
Д е р е к т е р г е  д е н  қ о й са қ : Ш а п а л а қ п е н   ү р у ғ а   қ а т ы с т ы  көз- 

қ а р а с

 осы айырмашылықтарды зерттейді.

Отбасы -  әлеуметтенудің ең маңызды  агенті  екенінің тағы бір 

себебі  -   бала  кездегі  қалыптасқан  өзін-өзі  бағалау  ұзаққа  созыла- 

тын  нәтиже  береді.  Дамудың  кейінгі  кезеңдерінде  біз  бастапқы 

жылдарда  қалыптасқан  ұғымдармен  үйлесетін  және  соларды  да- 

мытатын  тәжірибе  мен  іс-әрекеттерге  ұмтыламыз.  Бала  кезде  біз 

жеке түлға ретінде түпкілікті қалыптаспасақ та,  өзіндік бағалауы-




Ө/ІЕУМЕТТЕНУ

101


мыз  жетілмесе  де  сол  бала  кездегі  тәжірибелеріміз  кейінгі  дамуы- 

мызға негіз болады.

Ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты -  баланың 

мінез-құлқына,  нанымына,  өзін-өзі  бағалауына  және  қоғамда  алатын 

орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады. 

Олар басқалардың бала жайындағы пікіріне эсер етеді және баланың от- 

басынан тысқары ортада әрекегке түсетін топтарын анықтайды. Осылай- 

ша, отбасының нәсілі, деңгейі және діні баланың аулада, мектепте және 

жұмыс барысында алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етеді.

Қатарластар

Өткен  ғасырларда  кейбір  балалар  оқшауланған  шаруа  қожалықта- 

рында өмір сүрді, қазіргі кезде де сондай жағдай кездеседі. Мұндай ба- 

лалардың отбасылары бала кезінен әлеуметтенудің жалғыз маңызды 

агенті  болды.  Алайда  соңғы  бірнеше  онжылдықтағы  міндетті  білім 

беру,  жұмыс  істейтін  жастар  санының артуы  қазіргі қоғамда  жастар 

субмәдениетінің пайда болуына себеп болды. Ата-аналардың екеуі де 

жүмыс істеуі бұл жагдайды одан әрі жеделдетіп жіберді. Сөйтіп, қатар- 

ластар тобымен өзара  әрекетке түсу арқылы вакуумның орны толты- 

рылды (Osgood et al, 1996). Қатарластар тобы дегеніміз-жастары және 

әлеуметтік мәртебесі бірдей адамдар. Осы топтың әр мүшесі қатарлас 

деп аталады. Көптеген балалар осы топқа кіруге үлкен мән береді және 

сол топтың мәдениетін тез қабылдайды (Harris, 1998; Handel, Cahill, 8c 

Elkin, 2007).

Әлеуметтенуді  және  өзін-өзі  бағалауды  дамытуда  қатарластар- 

дың өзара әрекеттесуінің ықпалы қандай? Бір-бірімен араласатын ба- 

лалардың киім кию улгісі мен іс-әрекеттері ұқсас болып келеді. Мейлі 

олар чирлидерлер, жақсы оқитын студенттер тобы немесе банды бол- 

сын,  қатарластар  топ  мүшелеріне  сол топқа  сай  болу жөнінде  талап 

қояды.  Ересектердің бақылауынсыз достарымен  көбірек уақыт  өткіз- 

ген балаға достары міндетті түрде эсер етеді (Haynie 

&

 Osgood, 2005).

Нәтижесінде,  қатарластардың құндылықтары  мен  өмір  салтына 

сай  болуға  ұмтылу отбасында  кикілжіңдердің туындауына  әкеп  соқ-



Отбасы баланы әлеуметтендіруде,

I   баланың нақты дағдыларды, тілдерді, 

құндылықтарды меңгеруінде маңызды 

рөл атқарады.

Қатарластар тобы -  жасы мен 

әлеуметтік мәртебесі бірдей 

адамдар.


Қатарлас - қатарластар тобының 

мүілесі.



102



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет