Топтық конформизм
Ер адам әйел адамға есік ашқанда сіз бұдан дәстүрлі сыпайылықты не
месе әйел затына деген сыйластықты көресіз бе? Сіз Лил Уэйн, Келли
Кларксон немесе Coldplay тобын тыңдаған кезде оны жанға жайлы му
зыка ретінде қабылдайсыз ба, әлде жағымсыз қатты шу деп танисыз ба?
Музыкадағы талғам сияқты біз көріп жүрген және сенетін көптеген нәр-
селер абсолютті мағынада дұрыс немесе бұрыс бола алмайды; олар біз-
дің топтарымыздың дүрыс деп қабылдаған нәрселері ғана. Топта шешім
қабылдауды қарастырған зерттеушілердің айтуынша, топ мүшелерінің
өзара әрекеті олардың бойсұнуын арттырады (Wilier, Kuwabara & Масу,
2009). Бұл факт Стенли Милгрэмнің (Stanley Milgram, 1974) классикалық
экспериментінде анықталды және сол уақыттан бергі көптеген зерттеу-
лер нәтижесінде дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |