Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет287/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   870
5-ТА РАУ

Әлеуметтік тораптар

Біздің  әрқайсысымыз  әртүрлі  негізгі  және  қосымша  желілерге  кіреміз. 

Осы  топтық  байланыстар  арқылы  әлеуметтік  тораптарды  дамытамыз. 

Әлеуметтік торап -  біздің қарым-қатынасымыздың жиынтығы. Ол біздің 

отбасымызды,  сақтандыру  агентімізді,  көршілерімізді,  сыныптастары- 

мыз  бен  кейбір  әріптестерімізді  және  біз  араласатын  ортаның  адамда- 

рын қамтиды. Әлеуметтік тораптар  бізді қоғамдастықтардағы жүздеген 

адамдармен және бүкіл елмен тіпті бүкіл әлеммен байланыстырады.

Әлеуметтік  тораптар  жеке  адамдар  үшін  және  қоғам үшін  маңыз- 

ды  қызмет  атқарады.  Күшті  әлеуметтік тораптар  адамдар  арасындағы 

өзіне-өзі қол жұмсау мен депрессия деңгейін төмендетеді. Денсаулықты 

жақсартуға және өмірді үзартуға оң ықпал ете алады (Bearman & Moody, 

2004;  Smith  &  Christakis,  2008).  Олар,  сондай-ақ  адамдардың  саяси және 

азаматтық проблемаларға қызығуын күшейтеді. (Putnam, 2000; Wellman, 

1999).  Сонымен  әлеуметтік тораптар  әлеуметтанудың  маңызды  саласы 

болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет