ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
149
сында айтарлықтай айырмашылық бар. Біз өзіміздің әлеуметтік то-
раптарымызды байланыс сипатына қарай
қ у а т т ы б а й л а н ы с т а р
және
элсіз б а й л а н ы с т а р
деген екі санатқа бөле аламыз.
Қуатты байланыстар
Қуатты байланыстар - тығыз қарым-қатынаспен, эмоциялардың
қарқындылығымен және оларды өзара бөлісумен сипатталатын қа-
рым-қатынас. Мұндай байланыстар қоғам өмірі үшін өте маңызды.
Мәселен, науқастанып қалсаңыз немесе емтихан гапсыруға бара
жатқанда машинаңыз бұзылып қалса өзіңізбен тығыз байланыстағы
жандарды, яғни қуатты байланыстарыңызды көмекке шақыраты-
ныңыз сөзсіз. Бұл адамдар сізге ең көп қамқорлық жасайтын адамдар
және сіз де оларға барынша көңіл бөлуге тырысасыз. Қуатты байла
ныстар бізге эмоциялық қолдау, қаржылай көмек және тағы басқа
әргүрлі көмек көрсетеді.
Сауалнама нәтижесі соңғы отыз жылда америкалықтардың қуат-
ты байланыстары күрт төмендегенін көрсетті (McPherson, Smith-Lovin
& Brashears, 2006). Қазір америкалықтардың көпшілігі маңызды мәсе-
лелерді талқылай алатын бірде-бір адамды атай алмайды, олардың
көпшілігі тек жұбайын ғана атайды. Бұл адамның білімі неғүрлым
жоғары болған сайын соғұрлым тұрақты байланыста болатынын көр-
сетеді. Оның үстіне, білім деңгейі жоғары адамдар супервайзерлер
мен механиктерден гөрі ықпалды адамдармен - адвокаттармен, дәрі-
герлермен тығыз байланыс орната алады.
Достарыңызбен бөлісу: