ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
147
тың көзқарасын қабылдауға бейім болып келеді (Levine, 2007; Wilier,
Kuwabara & Масу, 2009).
Екіншіден, адамдар топтың көзқарасын оның әжуа қылуынан не
одан қол үзіп қалудан қорыққан кезде қабылдайды (Levine, 200; Wilier,
Kuwabara & Масу, 2009). Мұндай қорқыныш ауызбірлігі жоғары топтар
ушін тиімді. Бірақ, өзіміз көргендей, бұл тіпті бөтен адамдар арасында
да орын алуы мүмкін.
Топтық шешімдер қабылдау
Әлеуметтанудағы шағын топтарды зерттеу бағыты топтың сипаты
шешім қабылдауға қалай эсер ететінін жіті қарастыруда. Мұндай
зерттеулер әртүрлі топтарда, атап айтқанда, үшақ экипажында, сүң-
гуір қайықтың экипажында, наразылық білдіруші топтарда, іскер-
лік кездесулерде және қазылар алқасы арасында жүргізілген (Gas til,
Burkhalter & Black, 2007; Ghaziani & Fine, 2008).
Эдетте, топтар келісімге келуге ұмтылады. Олар өздерінің барлық
шешімдері топтың әрбір мүшесіне қолайлы болғанын қалайды. Деген-
мен топтың ауқымы кеңейген сайын келісімге келу қиындай түседі,
алайда топ мүшелері түгелдей бірлесе наразылық білдіруге айтар-
лықтай уақыт не күш жұмсағанымен олардың өзара әрекеті түсініксіз
болады, әрі бір жерден шықпайды. Мәселен, топ көлемі артқан сайын
топ мүшелері көбінесе басым бөлігінің саясатын қабылдайды. Бұл са-
ясат тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай мүм-
кіндік көбінесе топтың кейбір мүшелерін қанағаттандырмайды. Сон-
дықтан топтың тұтастығына сызат түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |