Б у л ік и ііл д ік
- қоғамның мақсаттары мен құралдарынан бас тар-
тып қана қоймай, мақсаттар мен құралдардың балама түрлерін үс-
танатындардың іс-әрекеті. Олар өздері үшін, ал кейбір жағдайларда
революционерлер, хакер-анархистер және буддист монахтарына ай-
налған америкалық христиандар сияқты адамдар үшін балама қоғам
құрудан үміттенетін адамдар. Мертонның бүлікшілдік туралы си-
паттамасына сай келетін іс-әрекет әдетте девианттылық болып, кей-
де заңсыз болып саналады.
Шиеленіс теориясы біраздан бері танымалдығын жоғалтты. Се-
бебі ол аз ғана адамдар тобындағы шағын девианттылық әдістерін
сипаттайды. Әрі адамдардың мәдени тұрғыда мақұлданған мақсат-
тар мен қолда бар құралдардың арасындағы келіспеушілікке не се-
бепті әркелкі жауап беретінін түсіндіре алмайды. Сөйтіп, олар мәде-
ниет тұрғысынан мақұлданған мақсаттар мен құралдардың бір ғана
жиынтығы бар деп қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |