100 мыңадамға
шаққандағы кісі
өлтіру көрсеткіші
і а Өте жоғары
НЖоғары
НОрташа
ОТөмен
Алайда ғалымдардың бір тобы «есірткі сатып алатындар, жезөк-
ше немесе порномодель болып жұмыс істейтіндер - физикалық және
эмоциялық жағынан зиянды әрекеттермен айналысатын жәбірлену-
шілер, себебі олардың бұдан басқа амалы жоқ» деп санайды (мысалы,
Weizer, 2007). Олардың айтуынша, бұл әрекеттерге қарсы заң қабыл-
дау арқылы жұртты мұндай істерден тыйып, қоғамды игілік жолына
бастауға болады.
Осындай шағым жасалмайтын қылмыс жасайтындар бұл әрекетке өз
ықтиярымен барғандықтан, ондай қылмыстарды бақылау қиындықту-
дырады. Есірткі тұтынушы есірткі сатушысын полицияға ұстап бермей-
ді, ал заңсыз ставка қойған адам букмекерлік кеңсені сотқа беруге ниетті
емес. Шағымданған жәбірленуші болмағандықтан, полиция қылмыс-
керді ғана емес, қылмысты да өзі табуы керек. Бұл тым қымбатқа түседі
және басқа қылмыстар назардан тыс қалады. Сондықтан шағым жасал
майтын қылмыстар туралы заңдар жүйелі әрі қатаң түрде орындалмай-
ды. Олар көбінесе уақытша қысым көрсетіп, анда-санда қудалаумен шек-
теледі. Шағым жасалмайтын қылмыс тақырыбы “Деректерді түсіндіру:
марихуананы заңдастыру” атты тарауда кеңінен қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |