Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет349/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   870
Нәсілдік айырмашылықтар

АҚШ  тұрғындарының  13  пайызы ғана  афроамерикалықтар.  Соған қа- 

рамастан,  кісі  зорлап, ұрып-соққаны үшін түтқындалғандардың үш- 

тен бірі, кісі өлтіргені үшін тұтқындалғандардың жартысы -  солар.




180

6-ТА РА У

Ақнәсілділер мен басқа нәсіл 

I   өкілдері бірдей қылмыс жасаған 

күннің өзінде басқа нәсілділерді 

түтқындау, айыптау және соттау 

ықтималдығы жоғарырақ.

Жалпы халықтың  16  пайызы  болатын  испантектілер  ауыр қылмы- 

сы  үшін  тұтқындалғандардың  28  пайызын  құрайды.  Түтқындау 

және түрмеге жабу статистикаларында  мүндай үлкен айырманың 

болу  себебі -  азшылық пен  ақ нәсілділер  арасында  әлеуметтік тап 

ерекпіеліктері  бар.  Бұл  жайтты  есепке  алған  күннің  өзінде,  ис- 

пантектілер  мен  афроамерикалықтардың  қылмыс  жасаганы  үшін 

тұтқындалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.

Қылмыс  деңгейінің  жоғары  болуын  кедейлік,  сегрегация  (бас- 

қа  нәсілділерді ақ нәсілділерден бөліп тастау) және жұмысқа түру 

мүмкіндігінің  аздығы  сияқты  себептермен  түсіндіреміз.  Афро- 

америкалықтар  мен  испантекті  америкалықтар  көбіне  дәстүрлі 

жолдармен  жетістікке  жету  мүмкіндігіне  шектеу  қоятын,  ресурс- 

тары  аз  аудандарда  тұрады,  сондықтан  түрлі  қиындықтарға  тап 

болу  олардың  өмір  салтына  айналған  (Newman,  1999b;  Sampson  & 

Raudenbush,  1999;  Sampson,  Morenoff  &  Earls,  1999).  Дифференциял- 

дық  ассоциация  теориясы  да,  тежеу  теориясы  да  мүндай  жагдаят- 

тардың қылмысқа алый келуі мүмкін екенін айтады.

Бірақ азшылық пен көпшіліктің қылмыс деңгейі арасындағы ал- 

шақтық шындыққа онша жанаспайды. Орташа алғанда азшылықтың 

ақ нәсілділерге қараганда көбірек қылмыс жасайтыны рас. Бірақ олар- 

дың (мектепте  тентектік жасаудан  бастап кісі  өлтіруге дейін)  бірдей 

әрекеттерді жасау ерекшеліктерін салыстырар болсақ, азшылық өкіл- 

дерінің  сотқа  көбірек  шақырылып,  қамауға  жиі  алынатынын  және 

сотталатынын  байқаймыз  (Austin  &  Allen,  2000;  Cureton,  2000).  Нәти- 

жесінде, АҚШ статистикасында азшылық өкілдері жасайтын қылмыс 

саны тым көбейтіліп көрсетіледі.



Қылмыс үрейі

1990  жылдардан  бастап  қылмыс  деңгейі  күрт  төмендеді.  Сонда  да 

Gallup жыл сайын жүргізетін сауалнамада америкалықтардың үш ген 

екісі елдегі қылмыс саны  (Gallup.com  2010а)  артып отыр деп санайды. 

Бұл «үрей мәдениеті» қайдан пайда болды?

Көптеген  топтар  мен  адамдар  үрей  таратудан  пайда  көреді 

(Glassner,  2004).  Саясаткерлер  үрей  шақыру  арқылы  дауыс  жинай- 

ды, бинесмендер қорқыту арқылы өз тауарларын сатады (қару, дабыл 

жүйелері,  фишингке  қарсы  бағдарлама  және  т.б.),  адвокаттар  өз  үсы- 

ныстарына қолдау табу үшін үрейді пайдаланады (мысалы, арақ ішіп 

көлік  айдауды  қылмыс  қатарына  жатқызу,  нашақорларды  емдеуге 

жағдай жасау,  т.с.с.).  Ал  ақпарат құралдары  қылмыстың азайғанына 

емес, ауыр қылмыстарға көбірек назар аудару арқылы оқырман-көрер- 

менін  еселей  алады  (Altheide,  2002,  2006).  Ешқандай жаңа  тенденция 

байқалмаса  да,  БАҚ-тар  жалғыз-жарым  оқиғаларды  (мәселен,  2008 

жылғы Солтүстік Иллинойс университетіндегі қантөгісті) жаңа ағым 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет