Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет390/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   870
Микроқүрылым: жеке мүмкіндіктер

АҚШ-тағы  әлеуметтік  тап  жүйесінің  касталық  жүйелерден  айыр- 

машылығы  -   ол  тікелей  немесе  толықтай  мирас  жолымен  беріл- 

мейді.  Дегенмен  салыстырмалы  түрде  аз  ғана  америкалық  өз 

ата-аналарының  әлеуметтік  таптағы  орнынан  өзгеше  орынға  ие 

болады.  Бұл қалай  болғаны? Бұл жүйеге  берілген ең дұрыс  анықта-




206

7-ТАРАУ

I

І

Академиялықтұрғыдан алғанда, 



кедей отбасындағы компьютері жоқ, 

өз іні-қарындастарының ортасында 

шулы бөлмеде сабақоқитын балаларға 

қарағанда, өз ноутбуктері бар, тыныш 

жатын бөлмеде сабақоқитын ауқатты 

отбасындағы балалардың жетістікке 

жету мүмкіндігі көбірек.

Иемденудің жанама үлгісі - 

ересектердің әлеуметтік таптағы 

мәртебесі олардың ата-анасының 

әлеуметтік таптағы мәртебесіне 

сай болады деген пікірмен 

үйлеспейді. Себебі балалардың 

талабы мен мүмкіндігіне эсер 

ететін - отбасылық мәртебе мен 

оның табыс мөлшері.

ма  -   иемденудің  жанама  үлгісі.  Ата-ана  өз  баласының  әлеуметтік 

мәртебесін  толық  қалыптастыра  алмайды,  әйтсе  де  баланың  жоғары 

әлеуметтік мәргебеге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау ата-ананың 

парызы.


Сіздің  әлеуметтік  таптағы  орныңызды  анықтайтын  бірден-бір 

болжамды  фактор  -   ата-анаңыздың  табыс  мөлшері  (Corcoran,  1995; 

Isaacs,  Sawhill&Haskins,  2008).  Егер  ата-анаңыз  орта  немесе  жоғары 

әлеуметтік тап өкілдері болса, жасыңыздан жақсы күтім көріп, дұрыс 

тамақтанасыз,  жоғары деңгейдегі медициналық  жәрдемге  жүгінесіз. 

Әлеуетті табыстың томен  болуына  себепші  жағымсыз  жағдайлардан 

аулақ  жүресіз  (Weitz,  2010).  Ата-анаңыз  сізді  ынталандырып,  сабақ 

оқуға арнайы қолайлы орын дайындап, «жоғары білім материалдары» 

бойынша оқытатын мүғалімдері бар үздік мектепке бере алады. Және 

туыстарға  көмек  корсету  үшін  сізді  жұмыс  істеуге  мәжбүрлемейді 

(Newman and Chen, 2008).  Сол сияқты, 2-бөлімде талқылағанымыздай, 

ата-анаңыз сізді орта немесе жоғары таптағы орынға жеткізетін мәде- 

ни, рухани капиталдармен қамтамасыз етеді.

Сонымен  бірге  егер  ата-анаңыздьщ  жоғары  немесе  орта  кәсіптік 

білімі  болса,  орта  тап  өкілдеріне тән жұмыс  істесе,  жоғары  білім алуы- 

ңызға  мүмкіндігіңіз  артады.  Ата-анаңыз  сізге  SAT  немесе  ACT  емти- 

хандарына  дайындық  курстарымен  елдегі  оқу  орындарының  -   сіздің 

таңдауыңыздың барлығының сүраныс ақысын төлеуге тырысады.

Оқуды  аяқтаған  соң,  ата-анаңыз таныстары  арқылы  сізді жақсы 

жұмысқа  орналастырып, тіпті киіміңізді алып беруге дайын. Бәлкім, 

үй алуға немесе жаңа кәсіп ашуға ақша берер. Ал ата-анаңыздың жоға- 

ры  білімі  болмаса,  онда,  керісінше,  сіздің  білім  алғаныңызды  емес, 

бірден жұмыс іздеп, табыс табуыңызды қалайды. Сіз оқитын орта мек- 

тептегі кеңесші де, жоғары білім алу үшін қажет алгебра сияқты курс- 

тарға  емес,  сауда-саттық немесе тігін курстарына  қатысуға  үгіттейді 

(Betty,  2003).  Егер  оқуды жалғастырғыңыз  келсе,  онда  осы  кедергілер- 

ден өтуге тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет