Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет388/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   870
Символдың интеракционизм

Құрылымдық-функциялық және конфликт теорияларымен салыстыр- 

ғанда символдық интеракционизм теориясы кейбір әлеуметтік топтар- 

дың басқаларга қарағанда неліктен жақсы жетістіктерге жететінін ту- 

сіндіруді мақсат етпейді. Оның орнына теңсіздіктің күнделікгі өмірде 

сақталуына не себеп болатынын зерттейді.

Символдық  интеракционизм  теориясының  маңызды  үлесінің 

бірі -  өздігінен орындалатын болжамның маңыздылығын анықтау. 

Өздігінен орындалатын болжам -  күтілген нәрсенің жүзеге  асатыны­

на сенім білдіру және оның іс жүзінде орындалуы. Бүл -  әлеуметтік ди­

намика -  әлеуметтік таптар  мәртебесінің  қалыптасуына  эсер  ететін 

себептердің бірі.

Мысалы, мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларын математика 

пәніне  немесе  жазуға  қабілетсіз  санап,  оқушыларға  осы  пәндер  бой­

ынша  көмектесуге  аз  уақыт  бөледі.  Осы  оқушылардың  мұғалімдер 

қойған  талаптарды  орындауы,  математикалық  және  жазу  дағдыла- 

рын өздігінен дамытуы екіталай.

Символдық интеракционизм  теориясы  әлеуметтік тәртіптегі  ор- 

нымызды әрдайым еске  гүсіріп, күнделікті қарым-қатынастар теңсіз- 

дікті  қалай  нығайтатынын  түсінуге  көмектеседі.  Мысалы,  мейрам- 

хананың  көбінде  даяшылар  артқы  есіктен  кіруі  тиіс.  Олар  жуыну 

үшін жайсыз бөлмелерді пайдалануға,  өз үзілістерін терезесіз  бөлме- 

де өткізуге мәжбүр болады және жүмыс киімін киюі тиіс. Клиенттер 

өздеріне ілтипат көрсететін қызмет көрсетушілермен дөрекі  сөйлесе- 

ді. Даяшының кештің соңында шайпұл алуға лайықты немесе лайық- 

ты емес екенін клиент шешеді. Осылай мейрамханалардағы күнделік- 

ті  қарым-қатынастар  әлеуметтік жағынан  клиенттердің -   басым,  ал 

қызмет көрсетушілердің томен болуын танытады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет