Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет414/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   870
НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК

223


сипаттай бастады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, сол кездегі ма- 

мандар  мен  қоғам  белсенділері  осы  мәселені  түсінсе де,  түсінбесе  де 

ақ нәсілділерді  «нәсілдік санат» ретінде анықтау арқылы әлеуметтік 

құрылымның негізін қалауға  үлес қосты.  Сонымен қатар  АҚШ  санақ 

бюросы  америкалық мексикалықтарды  «ақ нәсілді емес» деп жария- 

лады. Оған Мексика үкіметі наразылық білдіріп, қарсылық танытты. 

Содан кейін бюро құрамы ауыстырылды. Қазіргі уақытта санақ бюро­

сы латынамерикалықтарды кез келген нәсілге жататын этностық топ 

ретінде  белгілейді.  Сол  сияқты  «қара  тәнді»  термині  «афроамерика- 

лық» терминімен алмастырылуы осы топтың биологиялық шығу тегі 

жөнінде  жаңа  мәліметтер  қосқан  жоқ.  Керісінше,  нәсіл  мен  этносқа 

катысты  қоғамдық  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді.  Осы  мысалдардың 

әрқайсысы нәсіл мен этностың қүрылымына ықпалын тигізген саяси 

және әлеуметтік процестерді сипаттайды.

Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шека- 

ралардың өзгеруіне байланысты. Мәселен, XX ғасырдан бері сицилия- 

лықтар, неаполитандықтар, миландықтар және тағы басқалар бірігіп 

ортақ  италия  тілін,  мәдениетін  және  этностық  ерекшелігін  дамыта 

бастады. Керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері литвалықтар, лат- 

виялықтар, қазақтар, абхаздар және басқалары кеңестік кезеңде қаға- 

жу көріп,  шеттетіліп  қалған  немесе  ұмытыла  бастаған  үлттық  ұста- 

нымдары  мен  мәдени  салт-дәстүрлерін  қайта  жаңғыртуда.  Осындай 

мысалдар нәсілдік және этностық мәртебелердің құбылмалы болаты- 

нын көрсетеді. Уақыт өте келе адамдар өздерінің нәсілдік және этнос- 

тық ерекшеліктерін  өзгерте  алады.  Осыған  орай  қоғам  да  танылған 

мәртебелерді өзгертуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет