Өзара әрекетке түсу үлгілері
Нәсілдік және этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас мы-
надай үш негізгі форманың бір түрі арқылы жүзеге асады: олар - плю
рализм, ассимиляция, конфликт.
Плюрализм
Әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың
бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп
атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттер-
дің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін
салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің
мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысы-
на кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы
бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады.
«Жеке-дара», шын мәнінде, үнемі «тең» деген мағынаны білдір-
мейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын
және француз тілдерінде сөйлейтін канадалықтар немесе Иракгағы
шиит және суннит мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға
|