Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет455/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   870
Байырғы америкалықтар

Тарихи  ш олу

Байыргы  америкалықтар  («Америкалық үндістер»)  Солтүстік Амери- 

каны  мекендеген  жергілікті  түрғындардан  тараған.  Олардың  ата-ба- 

балары АҚШ  қогамының қүрамы болуды өз еркімен шешкен жоқ. Ға- 

сырлар  бойы  оларга  куш  көрсетіліп,  бағындыру  көзделген.  Жанжал,



НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК

247

конфликтілер  аяқталған  соң  да  АҚШ  үкіметі  байырғы  америкалық- 

тардың еш құқығы жоқ деп кедейліктен шығармау саясатын ұстанған 

(Wilson,  2000).  Мысалы,  1838  жылы  үкімет  байырғы  Америка  халқын 

Миссисипи өзенінің шығыс жағалауынан күштеп көшірген. Олардың 

көбі фермерлер  болған, ешқайсысы АҚШ  үкіметіне  қарсылық көрсет- 

кен  емес.  Олар  АҚШ-тың  оңтүстік  бөлігінен  жаңа  «Үндістер  терри- 

ториясы» -  Оклахомаға көшірілді.  Бұл  «мұңлы  сапарда»  мыңдаған  ер 

адам, әйелдер мен балалар аштықтан, әлсіздіктен және түрлі аурулар- 

дан қайтыс болған. Өнімсіз өңірлерде қоныстанған соң да көбі өмірден 

кетті.

Бір ғасыр өтпестен АҚШ үкіметі басқа да  байырғы  америкалық- 



тарды  шөлейтті  жерлерге  мәжбүрлеп  көшірді.  Олар  тұрып  жатқан 

жерлерді ақ нәсілді  америкалық ұнатып қалса  жерін тартып  алған. 

Жергілікті  топ  мүшелерінің  дауыс  беру  құқығы  болмаған,  ал  бала- 

ларының сана-сезімдерін «тазарту» үшін бірнеше жылға интернатта 

оқуға мәжбүрлеп жіберген (Wilson, 2000). Ұлттық сайлауда дауыс бе- 

руге 1924 жылға дейін, ал жергілікті сайлауда дауыс беруге 1960 жыл- 

га  дейін  тыйым  салынған  (Wilson,  2000).  Бұдан  кейін  де  дискрими­

нация  сақталып,  1968  жылғы  америкалық үндістердің  көтерілісіне 

әкеп соқтырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет