Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет456/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   870
Қазіргі жағдай

Байырғы  америкалықтар  (америкалық  үндістер)  АҚШ-ты  құрайтын 

азшылық  топтардың  бірі  болып  есептеледі  (жалпы  халықтың  1  па- 

йызын  ғана  құрайды).  Жартысына  жуығы  төрт  штатта  ғана  өмір  сү- 

реді:  Оклахома,  Аризона,  Калифорния  және  Нью-Мексикода.  Бәлкім, 

байырғы америкалықтар  қоғамның  ең көп  зардап  шеккен  азшылық 

тобы  шығар.  АҚШ-тағы нәсілдік және этностық топтардың арасында 

олардың білім көрсеткіші ең төмен, ал ішімдік ішу мен мезгілсіз қаза 

болу көрсеткіші ең жоғары деңгейде (Kao 

&

 Thompson 2003). Ақ нәсілді 

америкалықтарда жергілікті  америкалық тайпалар казинолар арқы- 

лы жетістікке жетті деген ой қалыптасқан. Казинолар үлкен қалалар- 

ға жақын орналасса ғана көп  пайда келтірген.  Казинолар, шынымен, 

тайпалық үкіметке  қажетті табыс  әкеліп,  мектептер  мен  үй  мәселе- 

сін шешуге, сонымен қатар өз топтары ішіндегі кедейлікпен күресуге 

ықпал етті  (Conner & Taggart, 2009;  Evans &Topoleski,  2002). Алайда ка­

зинолар  санының өсуі қылмыс пен тәуелділіктіліктің көбеюіне әкеп 

соқтырды (Evans ScTopoleski, 2002).

8.2-кестеде оңтүстік Дакотада орналасқан Пайн Ридж аумағындағы 

30.000 халқы бар Оглало Сию тайпасыныңжағдайы сипатталады. Байыр- 

ғы америкалықтардың мәртебесі эр алуан. Олар 200-ге жуық тайпалық 

топтардан тұрады, өздеріне тән мәдениеті мен тілі бар. Кейбіреулері бір- 

шама жетістіктерге жеткен:  солтүстік батыста -  балықшы  фермерлер; 

Вайомингте - мал шаруашылығымен айналысатындар,  М^йнде -  ко- 

nip  салушылар.  Қала  аймақтары  мен  Миссиссипидің  шығыс  жаға- 

лауында ақ нәсілді америкалық қоғамның әсері басым болғандықтан 

көптеген жергілікті америкалықтар бір мәдени ағымға тоғысып, жеке 

экономикалық жүйе құрған.  Солай  бола тұра  Пайн Ридж сияқгы ре- 

сурстары шектеулі оқшауланған (және казиноларға көпшілікті тарту 

мүмкіндігі жоқ) аймақтарда өмір сүретін түрғылықты америкалық- 

тардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы томен және тұрмыстары 

нашар.  Сонымен қатар  байырғы  америкалықтар  оқшау тұратын  ай- 

мақтарға  жақын  қалалардағы  ақ  нәсілді  америкалықтар  арасында 

тараған бұрмаланған  пікір  мен дискриминация кесірінен көп түйт- 

кіл шығып түрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет