Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет460/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   870
250

8-ТАРАУ

Аралас нәсілді америкалықтар

Өздерін  екі  не  одан  да  көп  нәсіл  өкілі  деп  санайтын  тұлғалар  АҚШ 

халқының  2,9  пайызын  құрайды  (Humes,  Jones  &  Ramirez,  2011).  Бұл 

көрсеткіш  томен  болғанымен,  екі  себептен  елеулі  өзгеріс  болғанын 

байқатады. Біріншіден, араласұлтты америкалықтар саны соңғы жар­

ты  ғасырда 20  есе  өсті.  Екіншіден,  ата-анасының нәсілі/ұлты  әртүрлі 

балалар бір ұлтты емес, аралас үлтты деп анықталғаны -  Америка та- 

рихында бірінші рет орын алған жағдай.

Өздерін  аралас ұлтты деп  санайтын америкалықтардың саны неге 

өсіп келеді? Бұрынғы уақыттарда аралас ұлтты балалар көптеген жағдай- 

да зорлық зардабынан дүниеге келген, олар туған әкесінің ұлтын анық- 

тауға ынталы болмаған. Өткен он жыл шамасында адам өз ұлтынан басқа 

ұлт өкілімен тұрмыс құрса, отбасы олардан бас тартқан. Сондықтан олар- 

дан туған  балалар  бір  ата-анасының туысгарымен ғана тұрып, өзін сол 

ұлттанмын деп өскен.  Қазір  бір отбасында әртүрлі ұлтты ана-анасынан 

туған  балалардың  көпшілігі  сүйіспеншілікпен  дүниеге  келіп,  оларды 

екі жақтың туыстары да қабылдайтын болды. Осының нәтижесінде бір 

үлтын ғана көрсету, отбасының толық еместігінің белгісі болып санала- 

ды. Сондықтан америкалықтар өздерінің үлтын белгілеп көрсетуі үшін 

көптеген қүжаттарды толтыруы қажет.  Бұл адамдардың өздерін аралас 

ұлтты деп ашық түрде белгілеуіне алып келеді (Da Costa, 2007).

Аралас  үлтты  қоғамның  өсуіне  қарамастан,  америкалықтардың 

көпшілігі өздерін белгілі бір ұлтқа жатқыза алмай, ыңғайсыз жағдай- 

ға  қалады.  Мысалы,  гольф  спортының  жұлдызы  Эльдрик  «Тайгер» 

Вудс оны афроамерикалық деп атаған журналистерге өзінің арғы ата- 

ларының екеуі байырғы америкалық, төртеуі азиялық, біреуі еуропа- 

лық болғанын әрдайым айтып түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет