Өзекті мәселелер
11 қыркүйекте болған оқиғадан кейін АҚШ-та арабтарға қарсы пікір
ұлғая бастады. 2010 жылы өткізілген сауалнама нәтижесінде, Амери
ка халқының 41%-ы арабтарға деген көзқарасының нашар екендігін,
ал 46%-ы «Ислам діні - жек көруді үйретеді» деген қағиданы ұстануы-
на сенгені анықталды (сауалнамада жалпы арабтар мен америкалық
арабтар деп бөлініп көрсетілмеген) (Arab American Institute 2010a).
Мүндай сенім жалпы республикашылардың, Інжіл христиандары-
ның және ақпарат құралдарына толықтай сүйенетін адамдардың
арасында да қалыптасқан (Arab American Institute 2010a; Saad 2006; Pew
Research Center 2007). Өкінішке қарай, ақпарат құралдарында, мыса-
лы, телешоуларда, фильмдер мен мақалаларда араб халқын Амери
кам қарсы лаңкестік әрекет ұйымдастырушылар ретінде көрсетіп,
бүрмаланған көзқарас тудыруда.
11 қыркүйектегі оқиғаға дейінгі жылдармен салыстырғанда,
америкалық арабгарға қарсы қылмыстық іс-әрекеттер белең алуда,
бірақ одан кейінгі бірінші жылдармен салыстырғанда азайған. Хрис
тиан дінін ұстанушы арабтардың 35 пайызы мен мұсылман дінін
үстанушы арабтардың 62 пайызы этностық тегіне қатысты арабтарға
қарсы дискриминация болғаны жөнінде баяндаған (Semmerling 2006;
Byng, 2008).
|