Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет476/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   870
Құрылымдық-функциялық теория: 

еңбек бөлінісі

Гендерлік  теңсіздіктің  құрылымдық-функциялық  түсіндірмесі 

жынысқа  негізделген  еңбек  бөлінісі,  қоғамның  қарекетіне  тиімді 

болғаннан  туындайды  дейді.  Дәстүрлі  еңбек  бөлінісінде  ер  адам 

жұмыс  істейді,  әйел  үйдегі  шаруамен  айналысады.  Құрылымдык 

функцияшылдардың  пікірінше,  гендерлік еңбек бөлінісі  функцио- 

налды  болып  саналады.  Өйткені  (1)  әрбір  жыныс  өкілі  өз  міндет- 

теріне  жақсы  бейімделген  және  барлық  қажетті  іс-әрекеттердің 

дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді, (2)  ерлер мен әйелдердің ара- 

сындағы  бәсекелестіктің өршуіне жол бермейді және  (3)  ерлер мен 

әйелдердің  бір-біріне  тәуелді  болуы  арқылы  отбасылық  байланыс- 

тарды нығайтады, яғни отбасы бірлігіне септігін тигізеді.

Эрине,  Карл  Маркс  пен  Фридрих  Энгельс  айтқандай,  кез-кел- 

ген еңбек бөлінісінде үстемдік пен бақылауға жетуді көздейтіндер 

болады.  Бүл  жағдайда  әйелдерге  еңбек  бөлінісінің  кемшіліктері 

ашылады:  үй  шаруашылығына  маманданғандықтан  әйелдерде қа- 

рым-қатынас  байланыстар  аз,  ақпаратқа  қолжетімділігі  шектеулі 

және ерлерге қарағанда дербес ресурстары жеткіліксіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет