Конфликт теориясы: сексизм және
дискриминация
Конфликтология теорияшыларының пікірінше, әйелдер бұрынгы-
сынша таңдаудың салыстырмалы түрде мардымсыз мүмкіндігімен
шектеліп отырады, өйткені ерлерге сол тиімді. Конфликтология
теорияшылары мұның қалай орын алатынын түсіндіретін негізгі
екі құбылыс - сексизм мен дискриминация дейді. Сексизм - бүр-
малаудың бір түрі. Атап айтқанда, сексизм - әйелдер биологиялық
тұрғыдан ер адамдардан томен болмаса да ерлермен тең я бірдей
емес деген ұстаным. Колледж студенттері, мысалы, әйелдерге қа-
раганда ерлер жоғары деңгейде деп санайды. Олар «қолданымдық»
ерекшеліктер тізбесіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен үстемдік қа-
сиеттер - ер адамға тән, «экспрессивті» ерекшеліктер тізбесіндегі
«жылулық және мейірімділік» - әйелдерге тән (Ridgeway, 2011) деп
белгілеген. Конфликтология теорияшылары «әйелдердің шектеулі
ресурстарға қолжетімділігін төмендетіп, билік басында ерлер қа-
луына байланысты сексизм өз жалғасын табады» деген пікірмен
келіспейді.
Дискриминация сексизмнің себеп-салдарынан пайда болған. Егер
әйелдерді балалармен жүмыс істеуге ғана қабілетті, ал ерлер зият-
керлік жүмысқа барынша бейімді деп санасақ, медициналық оқу
орындарына әйелдерді емес, көбінесе ер адамдарды қабылдар едік.
Дәрігерлік жұмыс орнына ерлер я әйелдер педиатр ретінде, ал еркек-
тер нейрохирург ретінде жүмысқа қабылданар еді.
|