Гендер қоғамдық құрылыс
және әлеуметтік құрылым
ретінде
Әлеуметтанушылардың айтуынша, гендер жеке түлғаларға тән,
биологиялық тұрғыдан берілетін нәрсе емес, керісінше, әлеуметте-
ну, медицина мен мәдениет әсерінен, қоғамдағы өзара әрекеттес-
тікте тұрақты түрде жаңғыртылып отыратын нәрсе. Сол сияқты
әлеуметтанушылар гендерді тек жеке тұлғалардың ғана емес, әлеу-
меттік құрылымдардың да атрибуты ретінде сипаттайды.
Гендерлік статусқа деген сенім -
бір жыныс (әсіресе еркектер)
басқага (әйелдерге) қараганда
сыйлы, лайықты және құзыретті
деп санайтын, кеңінен таралған
көзқарас.
|