276
9-ТА РА У
Г о м о с е к с у а л д а р - ө зд е р ім е н бір
ж ы н ы с т а ғ ы а д а м м е н ж ы н ы с т ы қ
қ а т ы н а с п е н р о м а н т и к а л ы қ
қ а р ы м -қ а т ы н а с т ы қ а л а й т ы н д а р .
Некедегі ж ы ны сты қ қатынас
Кейбір ерекше себептермен некеге байланысты жыныстық сценарий-
лер аз уақыт аралығында өзге^рістерге ұшырады. Мысалы, жыныстық
белсенділіктің жиілігі жылдар бойы некеде тұрған адамдар арасын
да мүлдем өзгермеген болып көрінеді (Call, Sprecher & Schwartz, 1995;
Laumann et al, 1994). Қазір де бұрынгыдай адам некеде неғұрлым
ұзақ болса, соғұрлым жыныстық қатынасқа түсудің сиреп кетуі -
бұлжымайтын жайт. Мұның өзі адамның жасына, біліміне немесе
жағдайға қарамастан ерлі-зайыптылардың барлығына тән болып
көрінеді. Бірінші жылдан кейін көптеген себептерге - балалар, жү-
мыс, қоғамдағы қатынастар, үй шаруашылығы, қаржы мәселесі
тәрізді жайттарға байланысты некедегі жыныстық қатынастың
ж иілігі азаяды (Call, Sprecher & Schwartz, 1995). Дей тұрсақ та жы-
ныстық қатынастардың жиілігі мен сапасына қанағаттану жұбай-
лардың отбасы бірлігін сақтауына ықпал етеді (Laumann et al. 1994;
Litzinger & Gordon, 2005).
Осы тарихи қалыптылыққа қарамастан, соңғы он жыл көлемін-
де ерлі-зайыптылардың жыныстық сценарийлері маңызды өзгеріс-
терге ұшырады. Жыныстық жугенсіздікке бой ұрып, азғындыққа
салыну байқала бастады. Екіншіден, қазір ерлер де, әйелдер де не-
кеден тыс қатынастарға түседі. Опасыздықтың қосарланған стан-
дарттары өзгерді: 1990 жылдары жүргізілген зерттеулер ерлер мен
әйелдердің 50 пайызы некеден тыс жыныстық қарым-қатынасга
болғанын көрсеткен (Laumann et аі.1994). Өкінішке қарай, қазір не-
келік жыныстық қатынастарға қатысты жаңа деректер жоқ, себебі
жыныстық зерттеулерге арналған федералдық қаржыландыру кон-
сервативті саясаткерлер тарапынан қысқартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |