274
9-ТАРАУ
ныстық қатынасқа барған ересектердің (екі жыныс та) түрмеге қама-
луы талап етіледі. Бұл тарауда біз АҚШ-тағы қазіргі жыныстық қаты-
настар жайын қарастырамыз.
Ж ынысты қ қатынас сценарийлері
Киімге, тағамға және сатушымен сөйлесуге қатысты әлеуметтік нор-
маларды қалай үйренетін болсақ, жыныстық қатынасқа қатысты
нормаларды да солай үйренеміз. Әлеуметтанушылар жыныстық сце-
нарийлер терминімен мәдениетке байланысты болжамды - кім, қай-
да, қашан, неге, қалай және кіммен жыныстық қатынасқа түсе алады
деген сияқты болжамдарды белгілейді. Өз субмәдениетіңізге қарай
жыныстық сценарийлер жөнінде білетін боларсыз, онда жыныстық
қатынас - тек ерлі-зайыптылардың арасында ұрпақ жалғастыру үшін
түнде жабық есіктің артында жасалатын нәрсе. Дегенмен жыныстық
қатынас кез-келген серіктестердің қалауынша кез-келген жерде, кез-
келген уақытта рақат пен қуанышқа бөлену үшін жасалады деген сце
нарий болатынын да оқыған шығарсыз.
Қазіргі заманғы мәдениет біркелкі болмағандықтан, әртүрлі жы-
ныстық сценарийлердің арасында шиеленістер жиі болады. Біз көп-
теген себептердің әсерімен - мысалы ата-аналар, достар, дінбасылар,
бұқаралық ақпарат құралдары және тағы басқасының әсерімен жы-
ныстық сценарийлер қалыптастырамыз. Уақыт өте келе біз қабылда-
ған осындай сценарийлер өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |