Д е р е к т е р д і с ы н а у :
гейлер мен лесбияндардың ңоғамда абыройсыз
болуын ескере отырып, кейбір респонденттер Санақ сұрақтарына
жауап беруге қаймықты. Қалай болғанда да, гей және лесбияндық
жұптардың нақты саны - Санақ бойынша анықталғаннан көп бо-
луы мүмкін. Бұл белгісіздікті айқындау үшін Санақ бюросы гей
лер қоғамдастығына хабарландыру жолдап, құпиялықты сақтауға
уәде еткен.
Кез келген сауалнамаларға қатысатын респонденттер әдетте үзақ
тізімдерден шаршайды. Олар тізімдегі дайын нұсқалар арасынан
таңдау мүмкіндігін қалайды. Сонымен, «Үйленбеген серіктес» па-
рақшасындағы тізімде он үш нұсқау берілді: «күйеу / әйел», «бөл-
мелес», «қызы» және тағы басқасы. Бұл толық бага беру үшін жет-
кіліксіз болуы да мүмкін.
♦
Соңында біреуі «үй қожалығының басшысы» болғанда ғана санақта
бір жынысты жұп деп есептелді. Басқаша айтқанда, бір жынысты
жұп м үшесінің біреуі үйдің иесі болса немесе тұратын үйлерін жал-
дау жөніндегі құжатқа қол қойса ғана оларды жұп деп санаған.
SOURCE: (O'Connd & Feliz Q011).
|