Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет516/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   870
278

9 -ТА РА У

9.2-СЫЗБА. Гей және лесбияндық 

қатынастар мен некеге қолдау корсету.

Деректер негіздеген екі сұрақ: «Өзара 

келіскен ересектердіңарасында гей 

немесе лесбияндық қатынастар болуы 

заңды деп танылуы тиіс пе?» және «Бір 

жынысты жұптардың арасында неке 

қуру дәстүрлі неке сияқты заңды деп 

танылуы, заңмен бекітілуі тиіс пе?»

SOURCE Jones (201D: Newport ООП)

дегендері -   19  пайыздан  44  пайызға  дейін  (Jones 2011).  Сонымен  қа- 

тар  53  пайызы  олардың  арасындағы  некені  мақұлдаған,  бұл  1996 

жылғыдан  екі  есе  көп  (Newport,  2011).  (Бұл  тақырып  11-тарауда 

талқыланады).  Гейлердің  құқықтарын  жастар,  қала  тұрғындары, 

дінді аса  ұстанбайтын, білімі  бар немесе тым ымырашыл  адамдар 

көп  қолдайды.  Сондай-ақ  олардың  арасында  гейлер  табиғатынан 

сондай болып туған деп ойлайтындар да жиі кездеседі.

ГЕЙ ЖӘНЕ ЛЕСБИЯН ҚОЗҒАЛЫСЫ. Гомосексуализмнің өршуі - гейлер 

мен  лесбияндық  құқық  қозғалысының  пайда  болу  кезеңімен  ті- 

келей  байланысты.  Америкадағы  гейлер  және  лесбияндық  құқық 

қозғалысы  1960  жылдың  соңында  және  1970  жылдардың  басында 

қарқынды  дами  бастады.  Сол  кездері  азаматтық  құқық  пен  феми- 

нистік  қозғалыстарға  қатысып  жүрген  гейлер  мен  лесбияндар  өз- 

деріне дәстүрлі некедегі жұптарға тән қүқықтар  берілуі тиіс деген 

мәселені көтере бастады (Clendinen & Nagourney, 2001;  Marcus, 2002).

Гей  құқықтары  үшін  басталган  қозғалыстың  негізгі  кезеңі  1969 

жылы 27 маусымда болған «Стоуньюлл» тәртіпсіздіктерімен тұспа-түс 

келді. Бірнеше жыл бұрын сол күні Нью-Йорк қаласының полиция қыз- 

меткерлері гей-барлар арасында рейд жүргізген. Бірақ бір нәрсе өзгеше 

боп шықты:  бұл жолы бар иелері қарсылық көрсетті.  Полиция оларды 

қаталдықпен тойтарды, бірақ тәртіпсіздік одан әрі жалғасты. Ал келесі 

бірнеше күн ішінде екі мыңға жуық адам гейлер мен лесбиян топтары- 

на  қосылды.  Көтеріліс  әбден  басылғанша  гейлердің  құқықтарын  қор- 

ғайтын қозғалыс қазіргі қалпына келіп алды.

Қозғалыс  тарихында  СПИД  эпидемиясының  әсері  ерекше  бол- 

ды.  1981  жылы  СПИД  ауруы  алғаш  рет  анықталған  кезде  оны  көп- 

шілігі «гей обасы» деп атады, бұрмалау мен дискриминация күшей- 

ді.  Гейлер  бұл  ауруға  ш алдыққандықтан,  өздерінің дәстүрден  тыс 

жыныстық  көзқарасын  ашық  мойындауға  мәжбүр  болған  немесе 

СПИД-тен  қайтыс  болған  адамдар  гейлер  деп  анықталған.  Осын- 

дай оқиғалар арқылы гетеросексуалдар олардың қаншама достары, 

туыстары,  әріптестері,  көршілері  және  сүйікті  кино  жұлдыздары 

(мысалы, Рок Хадсон) гей болғанын білді.

Гей  және  лесбияндық  құқық  қозғалысы  алға  басты.  Америка- 

лық психологиялық  қауымдастық гомосексуалдылықты  адамның 

ауруы  деп  есептемейді;  кем  дегенде  21  штат  пен  Колумбия  окру- 

гы  сексуалдық  бағыт  негізіндегі  дискриминацияға  тыйым  салды 

(National  Gay  &  Lesbian  Task  Force,  2009),  жария  гомосексуалистер 

мемлекеттік лауазымға, оныц ішінде АҚШ сенатына сайланды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет