Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет550/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   870
302

10-ТАРАУ

I   Медбикелер денсаулық сақтау 

I   жүйесініңнепзін қурайды.

Бүл қызметті көбіне әйелдердің 

атқаруына байланысты, қоғам 

әдетте олардыц кәсіби дағдылары 

мен білімін бағаламайды.

Сонымен бірге бүл салада әйелдер  ғана  ецбек етуінің өзі кәсіпті айқын- 

дайтын оқыту мен жұмысқа қажетті дербестік алуды, қоғамдық қүрмет 

ке ие болуды қиындатты.

М е д б и ке л е р  м ә р т е б е с ін ің ө з ге р у і

Медбикелердің  статусы  мен  жағдайын  жақсарту  үшін  медбикелер 

басқармасы  бірнеше  жыл  бойы  білім  беру  деңгейін  арттырумен  ай- 

налысты  (Weitz,  2012;  Malka,  2007).  1960  жылдарга  дейін  стандартты 

медбикелік төлқүжат ТМ  (тіркелген  медбикенің) дипломы  болды, ол 

емханалық оқу бағдарламасын өткеннен кейін берілетін. Қазіргі кезде 

бүл  мамандар  екі  немесе төрт жылдық медбике  ісі  оқуын  колледжде 

немесе  университетте  тәмамдайды.  Сонымен  қатар  медбикелердің 

бір  бөлігі  оқуын  бітіріп  диплом  алған  соң фельдшер-медбике  немесе 

акушер-медбике  болады.  Мұндай  дәрежедегі  медбикелердіц  дербес 

қүқығы бар, мәртебелік және қаржылық марапаттары, сонымен бірге 

науқастарға дәрі жазып беру сияқты қүқыгы болады.

Медбикелердің білім сапасын арттыру, ягни мәртебесін көтеру тал- 

пынысы ақталмады. Тек соцғы жылдары гана емханалар жүмысқа төрт 

жылдық оқуды бітірген медбикелерді қабылдай бастады. Ал білім дец- 

гейі  гөмендер  әлі де  төменгі сатыда  қалып келеді. Сонымен  бірге шы- 

ғындарды азайту үшін емханалар көп қызметін ТМ-ның көптігін қажет 

етпейтін  амбулаториялық  емханаларларға  ауыстырып  жіберді.  Мед- 

бикелердің еңбекақысы томен,  сондықтан  бүл  мамандыққа  жүмысқа 

орналасуға  қызыгушылық та төмендеген  (Norrish &  Rundall, 2001). Ем­

ханалар  медбикелік  кадрларды  қысқартып,  жүмыста  қалған  күтуші 

лердің міндетін арттырды (Gordon, 2005). Соңғы кездері жүмысқа ерлер 

араласа бастағанмен, бұл сала әлі де  «әйелдерге арналған», сол себепті 

де еңбекақысы мен мәртебесі томен болып отыр.

А Қ Ш - т а ғ ы  д е н с а у л ы қ   с а қ т а у

Адамдардың денсаулық сақтауға қолжетімдігін қамтамасыз ету-кез 

келген қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. АҚШ медициналық көмек 

алудың  бірнеше  жолдарын  үсынады:  жекеменшік  немесе  мемлекет 

қаржыландыратын  сақтандыру компаниялары  арқылы  жеке  немесе 

қоғамдық  емханаларда  немесе  өз  қаражатыңызга  емделу.  Дегенмен 

америкалықтардың  көбі тек  сапасыз  ем  шараларынан  өте алады, бір 

бөлігі  қайырымдылық  қорларынан  түскен  ақша  арқылы  емделуге 

мүмкіндік  алады,  ал  басқа  бөлігінің,  тіпті  емделуге,  дәрігерге  кара- 

луга мүмкіндігі жоқ.

АҚШ-та  медициналық  сақтандыру  қалай  жүмыс  істейді?  Неге 

кейбір  адамдарда  сақтандыру  жоқ  және  сақтандыру  келісімшарты 

болмаган адамдар қандай жағдайда қалады?  Басқа  мемлекеттер ден- 

саулық сақтау саласын қалай толықтай қаржыландырады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет