ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫК, САҚТАУ
301
Төлемдер мен ем шараларын мемлекегтік мекемелер мен сақтан-
дыру компаниялары реттейді. Дәрігердің дербестігі шектеулі, өйт-
кені жоғарыда айтылған топтар - ем шаралардын, қанша мөлшері
қандай бағамен берілетіні жайлы нұсқау беріп отырады.
Дәрігерлер бұл өзгерістерді қабылдауға мәжбүр болды. Оның ор-
нына, олар заң бұзушылық істері бойынша және сақтандыру ком
паниялары туралы заңдар бойынша заңдық шектеулерге қарсы
күрескен еді. Сонымен қатар қоғамдық пікір согында дәрігерлер
емделушілердің мүддесін қорғайтынын дәлелдеп, емделушілердің
пікірін өзгерту үшін күресті.
Түйткілді мәселелер шығып қалатынына қарамастан, дәрігер ма-
мандығы - табысы мол және беделді жұмыс. Бірақ жылдан-жылға қа-
дағалауы қатаң салаға айналып барады және соның әсерінен сынның
астында қалып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |