Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет551/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   870
АҚШ-тағы денсаулық сақтау құны

Медициналық  көмек  -  өмір  сүрудің  ең  жылдам  дамып  келе  жатқан 

сегменті. 1970 жылы медициналық қызмет үшін америкалықтар орта 

есеппен  әр  адам  басына  372  $  (2006  жылғы  доллар)  жұмсаған.  2006 

жылы олар орташа 6 561  $ ақша жүмсады, ал 2013 жылға қарай шама- 

мен екі есе көп ақша шығындады (АҚШ санақ бюросы, 2009).

АҚШ-та  денсаулық  сақтауды  қаржыландырудың  үш  түрі



ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ

303

бар:  жеке  төлем,  жеке  сақтандыру  компаниясы  және  мемлекет- 

тік  бағдарлама.  Медициналық  қызметтің  бағасы  қымбат  болған- 

дықтан,  өте  бай  адамдар  ғана  ақысын  төлеп  емделеді,  ал  қарапа- 

йым  халық  тек  болмашы  мәселемен  ғана  дәрігерге  көріне  алады. 

Сондықтан  америкалықтардың  көпшілігі  жекеменшік  емес,  мем- 

лекеттік  сақтандыру  бағдарламаларына  сенеді.  Халықтың  қалған 

бөлігі  сақтандырылмаіан.  Яғни  денсаулық  сақтау  үшін  қажетті 

қаражаты жоқ. Ал сақтандыру қорлары емделушілердің шығынын 

толықтай өтей алмайды.

Ж е ке  с а қ т а н д ы р у  қ о р л а р ы

Америкалықтардың  көбінде  жұмыс  берушілерден,  ата-аналары- 

ның жұмыс  берушілері немесе жубайының жұмыс  берушілері  арқы- 

лы  алынған  жеке  сақтандыру  бар  (Kaiser  Commission  on  Medicaid  & 

Uninsured, 2011).  Мұндай сақтандыруды корпорацияда немесе мемле- 

кеттік мекемеде жұмыс істесе ғана  береді. Ал шағын бизнесте немесе 

ең төмен  еңбекақыга жұмыс істесе  сақтандыру алу мүмкіндігі аз бо- 

лады. Бұрындары Blue Cross және Blue Shield секілдіжеке сақтандыру- 

шылар  коммерциялық ұйым  болған,  сол  себепті  олар  компанияның 

үстеме  ақшасын  азайтуға  тырысқан.  Алайда  қазір  жеке  сақтандыру 

компанияларының  көбі  коммерциялық  корпорацияларға  айналған. 

Денсаулық сақтау саласындағы жеке шығындардың көбеюінің бір се- 

бебі осында.

М е м л е ке т т ік б ағдар лам ала р

Үкімет  ұсынған  бірнеше  медициналық  сақтандыру  бағдарламасы 

бар.  Medicaid және  Medicare -  ец ірі екі  бағдарлама.  Сонымен  қатар 

жергілікті  билік  өкілдері  қоғамдық  денсаулық  сақтау  мекемелері 

мен емханалар арқылы медициналық көмек көрсетеді.

Medicare -  мемлекет тарапынан  қаржыландырылатын,  65  жас- 

тан  асқан  азаматтарға  арналған  медициналық  сақтандыру бағдар- 

ламасы. Medicare-діңарқасында барлық қартам ерикалы қ-м едици- 

налық сақтандыруға ие болды. Алайда  бүл бағдарлама  мемлекетке 

өте  қымбатқа  түсіп  отыр.  2006  жылы  үкімет  Medicare  бағдарлама- 

сына 401 млрд доллар қаражат бөлді (АҚШ санақ бюросы, 2009). Шы- 

ғындарды өтеу үшін салықты арттыру немесе шығындарды азайту 

қажет,  олай  болмаған жағдайда  бағдарлама  2017  жылға  қарай құл- 

дырауға ұшырайды.

Medicare  65  жастан  асқан  барлық азаматтарға  қолжетімді  болса, 

Medicaid  тек қаже гтіліктерге  ғана  медициналық сақтандыру ұсына- 

ды. Қаражат федералдық үкіметтен және штат үкіметтерінен бөлінеді. 

Ем  алу  құқығы  мен  қызметтерді  эр  штат  бөлек  анықтайды.  Кейбір 

адамдар  үшін  жан-жақты,  сапалы  медициналық  көмек  көрсетіледі. 

Басқаша айтқанда, егер сіз кедей болсацыз өзіңіз де, балацыз да, тіпті 

жүкті әйеліңіз де Medicaid бағдарламасынан көмек ала алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет