Жыныстық және романтикалық қарым-кдгынас
1950 жылдары АҚШ жастары болашақ жарын табуға асығатын, ше-
шімді тез қабылдайтын. Қыздардың жартысынан көбі 21 жасқа дейін
тұрмысқа шығып кететін. Қазіргі жастардың әсіресе оқыған, қалада
өскен және діншіл емес жастардың талабы айтарлықтай өзгерді. Олар
біреумен өмір сүру тұрмақ, кездесудің өзін сөз еткісі келмейді. Оның
орнына байсалды қарым-қатынас құру үшін бірнеше жыл күте тұру
қажет деп санайды. Сонымен бірге 9-бөлімде айтылғандай, көпшілігі
ешбір міндеттемесіз қарым-қатынасты қалайды.
20-шы ғасырдың соңына қарай бірде-бір рет отбасын құрмаған
әйелдердің қатары 40, ерлер - 30 пайыз болды. Алайда олардың көбі
уақытша болса да серіктес тапқысы келетін. Осылайша, көптеген
адамдар некеге қатысты екі ойлы болса да жыныстық және романти-
калық қарым-қатынасты отыздан асқан кезде не одан да кеш іздейді.
(Бұл екіойлылық дәстүрлі қызойнақ кеш герінің көбеюімен байланыс
ты, бұл тақырып «БАҚ және Мәдениег: қызойнақ кештерін түсіну»
бөлімінде толығырақ қарастырылады).
|