ОТБАСЫ
315
Алайда балалық шақ біз ойлағандай үнемі бақытты бола бер-
мейді. Көптеген балалар әсіресе тұрмысы төмен немесе фермада
өмір сүретіндері сағаттап жұмыс істейді. Ата-аналары тарапынан
физикалық және эмоционалдық зорлық көреді. Мысалы, кішкен-
тай қыздардың 10 пайызы балалық шағында зорланады немесе зор-
лануы мүмкін жағдайды бастан кешіреді (Tjaden & Thoennes, 1998).
Сонымен қатар америкалық балалардың бестен бір бөлігі кедейші-
лікті бастан кешіп жатыр. Ресейді қоспағанда, Батыстың кез келген
өзге мемлекетіндегі көрсеткіштерден элдеқайда жоғары (Heuveline
& Weinshenker, 2008).
Кедейліктің өсуіне байланысты маңызды әлеуметтік өзге-
рістің бірі - жалғызбасты ата-аналар өмірге әкелетін балалардың
көбеюі. Балалардың 41 пайызы қазір жалғызбасты аналардан ту-
ған (Childstats.gov 2012). Ал қалған бөлігі ата-аналарының ажыра-
суына кейде екінші марте, яғни туған және өгей әке-шешелерінің
айырылысуына куә болады (Coleman, Ganong, & Fine, 2000). Бәлкім,
жалғызбасты ата-аналар үйленген жұптар сияқты ақша мен уақы-
тын ж еткілікті түрде бөле алмайтындықтан болар, зерттеулер көр-
сеткендей, әке-шешесі ажырасқан балалардың өзін-өзі бағалауы,
академиялық үлгерімі және әлеуметтік қарым-қатынасы өзге
балаларга қарағанда төмендеу келеді. Алайда бул болмашы ғана
айырмашылық, мұның себебі тек ажырасу ғана емес, ең алдымен,
ажырасуға алып келген немесе соның салдарынан болтан кедей-
шілік және ата-аналары арасындағы үрыс-керіс екенін байқатады
(Coontz 1997; Demo 8c Сох 2000; Lamanna 8с Riedmann, 2000). Сол себеп-
ті ата-аналары ажыраспағанда, бұл балалардың жағдайы жақсы бо
лар еді деп айта алмайсыз.
Отбасы өміріндегі келесі маңызды өзгеріс - 1950 жылдардан
бастап жұмыс істейтін аналар санының өсуі болды. (XX гасырға
дейін көптеген аналар жұмыс істеді. Бірақ олар жер өңдеу, тамақ
істеу және үй шаруасын атқару кезінде балаларын қасында ертіп
жүре алатын еді). Қазіргі кезде балалары 6 жасқа толмаған аналар-
дың шамамен үштен екі бөлігі үйден тыс жерде жұмыс істейді (Pew
Social Trends Staff 2010). Сол себепті көптеген бала күндізгі балабақ-
шада уақыт өткізеді.
Зерттеулер көрсеткендей, күндізгі балабақшаның кемшін
тұстарынан артықшылығы
к ө і і
.
Күндізгі күтім балалардың күй-
зеліс күйін аздап көбейтіп, мінез-құлқында түйткілдер туында-
туы мүмкін. Бірақ ол математика және оқу дағдыларын барынша
арттырады (Belsky et al., 2007; Watamura et al„ 2003). Әсіресе жоға-
ры деңгейлі бағдарламалардың артықшылығы басым. Алайда олар
негізінен бақуатты отбасылардың балаларына ғана қолжетімді
болып келеді (Кігр, 2007). Дегенмен тұрмысы томен отбасылардан
шыққан балалар зияткерлік және әлеуметтік ынталандыру тұрғы-
сынан шектеулі болғандықтан, оларға өздері бара алатын күндізгі
балабақша да айтарлықтай пайдалы. Қалай болғанда да көптеген
отбасыларда ата-аналардың балаларымен отыруына мүмкіндік
жоқ. Ал баланы үйде жалғыз немесе үлкен ara-әпкелерінің қара-
уында қалдырғаннан гөрі, күндізгі балабақшаға апару анағұрлым
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: