Ересек өмірдің басы
Көптеген америкалық кемінде бір рет отбасын құрады. Некеге осылай
мықты мән берілуі геилер мен лесбияндардың үйлену себебінің бірі
болып отыр. Ересек өмірдің басындағы ең маңызды мәселенің бірі де
отбасын құру және жар таңдау.
Бір қарағанда, адамдар өзіне лайықты жарды әрдайым іздей-
тіндей көрінеді. Кейбір америкалықтар (діни және этникалық қо-
ғамдардан бөлек) жеңгетайлар мен неке үйымдастырушылары-
на жүгінеді. Ал тереңірек көз салсақ, ата-аналардың, мектеп пен
шіркеулердің жастарға лайықты өмірлік серік табуға көмектескісі
келіп тұратыны байқалады. Мектептер би кештерін өткізу арқылы
гетеросексуалды қарым-қатынастарға үндейді. Шіркеулерде ішіна-
ра жастарға арналған ұйымдар бар. Олар үйым мүшелерін өз шір-
кеулерінде некелесуге ынталандырып отырады. Ал ата-аналар
мен достар жағы «біз сендердің кездескендеріңді қалаймыз» деп
әлдекіммен таныстыруға қашан да дайын тұрады. Өмірлік жарды
іздеу қызықты болуы да мүмкін, бірақ ол - міндетті дерлік әлеумет-
тік тәртіп.
Достарыңызбен бөлісу: |