САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
381
АҚШ-тағы екі негізгі партия да центризмді, яғни «оңшыл» және
«солшыл» бағыттағыларға оргақ көзқарас ұстануды көздегенімен,
олардың философиялық көзқарастары өзгеше. Соңғы жүзжылдықта
демократиялық партия либералдық көзқарас ұсганып, әлеуметтік
кызметтерді және кедейлердің, жұмысшылар табы мен аз ұлт өкіл-
дерінің мүддесін қорғады. Республикалық партия консервативті
көзқараста болып, салықтарды азайтуға және өндірістің, байлардың
мүддесін қорғауға күш салды (алайда оларға жүмысшы таптың өкіл-
дері көп дауыс берді).
Ешбір партияны жақтамайтын, олардың көтеретін мәселелеріне
қарай дауыс беретін сайлаушылар қатары да артып келеді. Алайда
өздерін еркін санайтын сайлаушылардың он пайызы (немесе одан да
көп) дауыс беруге барғанда, Демократиялық немесе Республикалық
партияның үміткерлерін таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |